Биатлоннан Германияның Оберхофф қаласындағы әлем кубогі аясында спринтерлік жарыстың өтетін мерзімі ауыстырылды.
Бұл туралы Халықаралық биатлоншылар одағы мәлімдеді.
Жарыс 6 қаңтардан 7 қаңтарға ауыстырылды. Турнир уақытының өзгеруіне ауа райы жағдайы себеп болған.
Оберхофтағы өзге жарыстардың бәрі алғашқы кестеге сай өткізіледі. 7 қаңтар күні әйелдер арасындағы спринт, 8 қаңтар күні аралас эстафета мен сингл-микст жеңімпаздары анықталады. 9 қаңтарға із кесу жарысы жоспарланған.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.