Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғымен 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы дода аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл бәсекеге Қазақстанның атынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысқан болатын.
Жарыс нәтижесі бойынша Ангелина Шурыга 52-ші, Ксения Шалыгина 53-ші, Надежда Степашкина 57-ші, Валерия Тюленева 59-шы орын алды.
Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық Тереза Йохауг иеленді. Күміс жүлдені Керту Нискассен (Финляндия), қоланы Криста Пармакоски (Финляндия) иеленген.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.