ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстанның Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөдгені белгілі болды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлінгенін айтты.

«Бейжің Олимпиадасына 250 млн теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланған. Алайда, бұдан да аз сома – 220 млн теңге жұмсалуы мүмкін, өйткені ұйымдастырушылар делегациялардағы қатысушылар санын қысқартып жатыр», - деп түсіндірді Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жазғы Олимпиада қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген тексерулер ҰОК жұмысында қаражатты жымқыру, мақсатсыз пайдалану және осыған ұқсас оқиғалар болмағанын көрсетті.

«Кейбір процедуралық бұзушылықтар бар және бюрократиялық тұстар анықталды және сыбайлас жемқорлық сын-қатерлерін болдырмау үшін барлығы реттелді», - деді А. Крюков.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді. Онда жалпы саны 109 медаль сарапқа салынады. Жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!