ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық конькиші Олимпиадаға дайындық туралы пікір білдірді

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Дмитрий Морозов Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының лицензиаттарының қатарына енді. Olympic.kz редакциясына берген сұқбатында спортшы Олимпиада алдындағы маусымды қорытындылап, басты жарысқа дайындық туралы айтып берді.

«Мен осы маусымдағы нәтижелерімді өте жақсы деп бағалаймын, Олимпиада ойындарына екі лицензия жеңіп алдым. Биылғы жылы коронавирусқа қатысты жағдай біздің жазғы және Олимпиада алдындағы дайындығымызға әсер еткен жоқ. Бәрі жоспар бойынша өтті.

Барлық жарыстар есте қаларлықтай өтті, себебі олардың әрқайсысы олимпиадалық лицензиялар үшін күресте маңызды болды. Мен 1500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған төрт құрлық чемпионатын бөлек атап өткім келеді. Мен бұл нәтижеге өте қуаныштымын.

Қазір біз «Алау» мұз сарайында карантинде отырмыз. Бізде бәрі жақсы. Ең бастысы, мұз үнемі бізге ашық, бұл дайындығымызды үзбей жалғастыруға мүмкіндік береді. Өзімнің қазіргі дайындығымды жақсы бағалаймын, өз бабымдамын. Көңіл-күйіміз де жақсы, Олимпиадада бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», — деп бөлісті спортшы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!