«Астана» футбол клубы Түркияда өтіп жатқан ОЖЖ-ндағы екінші матчын «Чайка» командасына қарсы ойнайтын болды. Бұл жайлы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жолдастық кездесу 13 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Ресейлік клубта өткен жылдың жазынан бастап «Қайраттың» түлегі Рамазан Оразов ойнайтынын айта кетейік. «Чайка» Ресейдің ФНЛ-ында (күші жағынан екінші дивизион) ойнайды. Өз чемпионатында 26 ойында 33 ұпай жинап, 13-орында тұр,
Астаналықтар алғашқы ойындарында «Химки» футбол клубынан 1:4 есебімен ұтылған болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.