Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде екінші орта салмаққа көтерілуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Крис Мэнникс (DAMN, Sports Illustrated).
WBO Андрадеге қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте титулын қорғауды міндеттеген еді. Жекпе-жектің промоутерлік саудасы 28 қаңтарға жоспарланған. Алайда «Бу-Бу» оның орнына екінші орта салмаққа өтіп, британиялық Зак Паркермен жұдырықтасуға шешім қабылдады. Қос тарап бір мәмлеге келуге жақын екен. Андраде – Паркер жекпе-жегінің жеңімпазы «Канелоға» үміткер болады деп жоспарлануда.
Енді Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингісіндегі көшбасшы орындағы боксшылардың бірімен бос титул үшін жұдырықтасуы бек мүмкін.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.