ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ақтөбе» бюджетіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» футбол клубы 2022 жылғы маусымға арналған бюджетіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубының 2022 жылға жоспарланған бюджеті 3 миллиард теңгені құрайды деген мағынадағы хабар тарады.

Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылдың 15 желтоқсанындағы «Облыстық мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті жүзеге асыру» туралы №406 қаулысына сәйкес клуб бюджеті 1,2 миллиард теңгені құрайды. Бюджет ұлғайтылған жағдайда, ресми хабарланатын болады.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз», – делінген клубтың жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;