ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ақсу» Қазақстан құрамасының ойыншысымен толықты

«Ақсу» клубы 27 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Тұңғышбаев түркістандық «Тұранның» оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын.

Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасының» түлегі болып табылады. 2014 жылы ол Премьер-лигада дебют жасады. Өткен маусымда ол шымкенттік клуб сапында 19 матч өткізіп, 4 гол соққан. Бірақ жарақатына байланысты маусым айынан қазан айының ортасына дейін алаңға шықпады.

Еркебұлан 2019-2020 жылдар аралығында алматылық «Қайраттың» намысын қорғап, мансабында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ол Қазақстан Премьер-лигасында бас-аяғы 182 матч өткізіп, 25 гол соқты және 18 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ Еркебұлан Қазақстан құрамасы жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!