Жақында елдегі наразылықтарды қолдаған қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовты бір топ ЕММЖ (ОМОН) өкілдері ұстап әкетті, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Бұл туралы Қуаттың әпкесі Instagram парақшасында хабарлады.
«Өтінемін, көмектесіңіздерші. Менің інім, спортшы Қуат Хамитовты үйден алып кетті. Он ЕММЖ (ОМОН) өкілі оны ұрып-соғып, қолдары мен аяқтарын байлады», — деп жазды әпкесі.
Айта кету керек, осығаг дейін файтер елде болып жатқан жағдайға бірнеше рет наразылық білдіріп, митингтерге қатысып, халықты шақырған еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.