Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Литвада өтетін әлем чемпионатының алдында журналистердің сұрағына жауап берді. Баспасөз мәжілісінде айтылған бас бапкердің ұтымды пікірлерін Meta-Ratings.kz тілшісі жинақтаған болатын.
– Құрама – бұл жекелеген емес, ұлттық команда. Сондықтан мен үшін сіздердің сауалдарыңызға жауап беру мәртебе. Әлем чемпионатына үш аптадан бері дайындалып жатырмыз. Әзірге 80 пайызға дайынбыз деп айта аламын.
– Келесі аптада Ресейде қандай жолдастық кездесулер өткізесіздер?
– «Газпром» – менің бұрынғы командам. Олармен жақсы қарым-қатынастамын. Бізге қолайлы жағдай жасауға уәде етті. Сонымен қатар Ресеймен екі жолдастық кездесу өткіземіз. Ресей – өздеріңіз білесіздер, әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі. Мұндай командамен тәжірибе жинау маңызды.
– Әлем чемпионатында Қазақстан «А» тобында ойнайды. Қарсыластарыңыз туралы не айтасыз?
– Барлығы Қазақстан фаворит деп көрсетіп жатыр. Бірақ қарсыластардың рейтингте нешінші орында тұрғанын білмеймін. Дегенмен осыдан 5 жыл бұрын өткен әлем чемпионатымен салыстырғанда, футзалдың деңгейі өскен. Сондықтан рейтингке қараудың мәнісі жоқ. Мен өз командама сенемін. Енді өзіміздің фаворит екенімізді дәлелдеуіміз керек. Қарсыластарға тоқталсақ, Коста-Рика өте жақсы құрама, өз конференциясында жеңіске жеткен. Литва осы біріншілікті өткізетін жарыс қожайыны. Венесуэланың сапында да шеберлігі жоғары, жылдам ойыншылар бар. Сондықтан біздің топты әлсіз дейтіндер қателеседі.
– Жалпы, Қазақстанның әлемчемпионатындағы мақсаты қандай?
– Егер біздің мақсат – ширек финалға жету деп айтсам, кейбір адамдар бұлнеғылған бапкер деп таңқалары анық. Біздің мақсат – әлем чемпионы атану. Олүшін әрбір ойынды жеңу қажет.
–Құраманың көшбасшыларының бірі –Лео әлем чемпионатында Қазақстанға көмектесе алмайды. Бұл командаға қалай әсеретуі мүмкін?
– Лео секілді ойыншыны жоғалту кез келген үшін оңай болмасы анық. АлҚазақстан үшін тіптен ауыр. Ол біздің көшбасшы ойыншыларымыздың бірі. Алаңдағыкомандаластары оған сенім артады. Кей кезде жекелеген шеберлігінің арқасындаматч тағдырын шеше алатын футболшы. Оның жоқтығына өкініш білдіреміз. Бірақ бұлспорт, сол себепті әрірақарай жылжуға тырысамыз.
– Құрама өзінің бабына келді ме?
– Біз 9 тамызда жиналдық. Әлем чемпионаты 12 қыркүйекте басталады. 34 күндеқұрама толықтай бабында болу мүмкін емес. Өйткені бұл аз уақыт. Бірақ бізтурнир барысында қалыпқа келеміз деп ойлаймыз. Егер топтан өтсек, плей-оффтаөзімізді жақсы жағымыздан көрсетеміз деп ойлаймын. Негізі бірде-бір құрама бірайдың ішінде толықтай бабына енуі мүмкін емес.
– Әлем чемпионатын көрермендер залдан тамашалай ала ма?
– Бізге залдың 25 пайызын толтыруға рұқсат берілгенін айтты. Көпшілігі мұны аз деп жатыр. Әлем чемпионаты өтетін арена 10 мыңға арналған. Ең бастысы, көрермендердің болғаны. Ал сан жағы екінші мәселе. Кейбір әлем чемпионаттарында ширек финалдың өзінде көрермен саны 2 мыңннан аспағанын көрдік. Сондықтан бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын.
– Жалпы, футзалға көрерменді көптеп тарту үшін не істеу қажет?
– Футзал – бұл футбол емес. Қазіргі кезде Ресейде жағажай футболынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мысалы, аренаның 25-30 пайызы толса, қуануға болады. Егер әлем чемпионатының топтық кезеңіне көруге 1500-2000 адам келсе, жаман көрсеткіш емес. Футзалды футболмен салыстыруға болмайды. Гандбол, футзал, волейбол секілді спорт түрлерінде көрермен футболмен салыстырғанда әрине аз.
– Әлем чемпионатының басты фавориттері деп кімдерді айтасыз?
– Бірінші кезекте Ресей.Одан кейін Бразилия, Испания, Португалия. Негізгі төрт фаворит осылар. Одан бөлек, Аргентина мен Қазақстан бар... Бәлкім, сіз менен қазіргі чемпион Аргентинаны фавориттер тізіміне неге қоспадыңыз деп сұрарсыз. Әрине, олар 2016 жылы кездейсоқ жеңімпаз атанған жоқ. Барлығы әділетті болды. Бірақ әзірге бірде-бір құрама қатарынан екі рет әлем чемпионы атанған емес. Сондықтан олар Колумбиядағы жетістігін қайталай алады деп ойламаймын.
– Аргентинаның ойыны іш пыстырарлық деп ойламайсыз ба?
–Мен Бразилия азаматымын. Мен үшін Аргентина басты қарсылас. Марадона мен Месси болмаса, олардың ойыны қызықсыз. Бұл жеке пікірім.
–Бразилияның ойыншылары қазір көптеген құрамаларда жүр. Алдағы 10 жыда барлық құрама сапында кемі 1-2 бразилиялық ойыншы болуы мүмкін бе?
– Олай болады деп ойламаймын. Бұрын Италия құрамасында 11 бразилиялық ойыншы жүретін. Қазір азайған. Футзал дамып келеді. Барлығы өз ойыншыларын шығарғысы келеді. Испания сапында да кемі екі бразилиялық болатын. Осы күні натурлизация жасалған ешкім жоқ. Аргентина құрамасында да ешкімді көрмедім. Ресейде ертеректе бесеу жүрсе, қазір олардың саны үшеуге азайған.
– Кәсіпқой футболшылардан табысты футзалшы шығу ықтималдылығы қандай? Мысалы, Игитамен бірге футзалдан бастаған «Реалдың» қорғаушысы Марсело карьерасын аяқтаған соң, футзалға оралуына бола ма?
– Жоқ, мүмкін емес. Бұл кәсіби футзал. Мысалы, Савиола деген шабуылшыны білетін шығарсыз. Ол кезінде «Барселона» сапында ойнады. Карьерасын аяқтаған соң, футзалға ауысты. Осы күні Испанияның төменгі лигасының өзіінң жеке ләззаты үшін ойнап жүр. Кәсіби футзал – кәсіпқой футзалшыларға арналған. Ал бұрынғы футболшылардың бұл жақта табысқа жетуі неғайбыл. Оларға орын жоқ. Марсело алдымен футзалдан бастады. Кейін футболға ауысты. Керемет карьера істеді. Енді футболды қойған соң, демалғаны дұрыс. Футзалда ол ештеңе бітіре алмайды. Ең дұрысы, Мальдив аралдарына барып, демалсын (күлді).
Литвадағы әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Қазақстан А тобында Венесуэла, Литва және Коста-Рикамен бақ сынасады.
Бек Төлеуов