ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тәртібі ұнамады». Адиев - ұлттық құрамаға шақыртылмаған ойыншылар, Бауыржан Исламхан мен алдағы матчтар жайлы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев оқу-жаттығу жиыны, алдағы жолдастық кездесулер, жаңадан келген ойыншылар мен қарсыластар жайлы пікірімен бөлісті.

Магомед Адиев

— Оқу-жаттығу жиыны қалай өтуде?

— Жалпы, бас бапкердің болып жатқан жағдайға ешқашан көңілі толмайды, бірақ бізге берілген уақытты ескерсек, нақтырақ айтсам, 4 жаттығу күні мен басымыз қосылып, жиналыс өткізген 1 күнді есептесем, жаттығу жиынын жақсы өтті деп бағалауға болады. Жігіттердің функционалдық жағдайы біркелкі емес. Оларды екі күн бойы әртүрлі жаттығулар арқылы қалыпқа келтіруге тырыстық. Мойындауым керек, олар маусымның аяқталуына және қатты шаршағанына қарамастан жақсы жұмыс істеді. Мен атқарған істерімізге жақсы баға беремін.

— Алдағы жолдастық кездесулер туралы не айтасыз?

— Менде қазір жүзеге асырғым келетін белгілі бір идеялар бар және команданы тікелей Словения және Даниямен болатын ойындарға дайындағым келеді. Иә, Ұлттар Лигасында 1-2 комбинацияны ғана пайдаланғанымызды жасырмаймын. Іріктеу тобында күшті қарсыластардың бар екенін ескерсек, бізге әжептеуір алға жылжу керек. Сондықтан бұл екі матч алдағы іріктеу кезеңіне дайындық болады деп ойлаймын.

Қазақстан құрамасы

— Командаға жаңадан келген ойыншыларға көңіліңіз тола ма?

— Менде белгілі бір ойыншылардың тізімі бар және олар бұған дейін кеңейтілген тізімге енгізілген болатын. Мүмкіндік болған кезде, әрине, ұлттық құрама сапында дебют жасамаған немесе ұлттық құрама сапында жүргеніне көп уақыт болған жастардың да келіп, осы атмосфераны сезінгенін қалаймын. Жаттығу процесінде жаңа ойыншыларды бақыладым және жақынырақ таныстым деп айта аламын. Мүмкіндік болса, осы жігіттерді алдағы уақытта да оқу-жаттығу жиынына шақырамыз.

Бауыржан Исламхан

— Исламханды не үшін шақырдыңыз және оның физикалық жағдайы қалай?

— Біз шалт қимыл жасайтын құрама емеспіз. Сырттай қарағанда, жанкүйерлер мен футбол жанкүйерлеріне бұл біртүрлі шешім сияқты көрінуі мүмкін. Негізі олай емес. Біз бұл туралы бапкерлік штабпен аз-кем сөйлестік. Исламхан бір жарым ай бойы біздің физикалық дайындыққа жауапты маманның жоспары бойынша жеке жұмыс жасады. Біз оны осы жиынға дайындадық. Оның физикалық жағдайы жаман емес. Ол біздің берген қиын жаттығуларды еш қиындықсыз орындауда. Ия, Бауыржанның екі жыл бойы жігіттермен бірге ойнамағаны бәрімізге белгілі. Сондықтан оны командаға үйренісе берсін деп шақырдық. Жалпы, оның қазіргі жағдайына көңілім толды және ол әрі қарай да жұмысын жалғастырады деп сенемін. Наурыз айындағы ойындарымызда ол бізге көмектеседі деп ойлаймын.

— Өзбекстан құрамасын қалай бағалайсыз?

— Жақсы ойыншылардан жасақталған команда. Бәріміз танитын орталық шабуылшысы, белсенді вингерлері мен мықты жартылай қорғаушылары бар. Сондықтан бізді қиын ойын күтіп тұр. Өзбекстан өз алаңында ойнайды және оның белсенді түрде ойнағысы келетіні анық. Біздің іріктеу кезеңінде қолданғымыз келетін нақты тактикалық идеяларымыз бар. Осыны пайдалануға тырысамыз. Қазақстан мен Өзбекстан бауырлас халықтар деп есептеймін. Әрине, алаңда достық деген дүние болмайды және бәрі өзін көрсеткісі келеді, бірақ ойынға дейін және ойыннан кейін біз оларға үлкен құрметпен қараймыз. Өзбекстан да осылай жасайды деп ойлаймын. Біздің басты ұстанымымыз – алдағы іріктеу кезеңіне дұрыс дайындалып, алаңға шығып, біртұтас команда ретінде өнер көрсету.

— БАӘ командасы туралы не айтасыз?

— Кез келген ойыннан пайдалы ақпарат алуға болады. Бізге Біріккен Араб Әмірлігімен ойнау қызық болғалы тұр. Біз осы екі ойынға дайындалдық, бірақ Өзбекстан және БАӘ-мен болатын ойынға арналған идеяларымыз екітүрлі. Бұл ойындарда әртүрлі байланыстарды тексеріп көргіміз келеді. Сондықтан бізді қызықты ойындар күтуде, бізде ойланатын және жүзеге асыратын дүниелер бар.

Федерация ақпан айында шағын жиын өткізіп, тағы бір ойын өткізу туралы шешім қабылдайды деп сенемін. Іріктеу кезеңі басталғанға дейін үш ойын өткізетін болсақ, бұл біздің команда үшін тамаша болады.

Ян Вороговский

— Бельгияда өнер көрсетіп жүрген Ян Вороговский неліктен ұлттық құрамаға қосылмады?

— Мен Вороговскиймен үнемі байланыстамын. Біз жиын алдында онымен сөйлестік. Янға өз клубындағы жауапты ойындарға көңіл бөлуі үшін ұлттық құрамада үзіліс алу қажет деген шешім қабылдадық. Себебi Бельгия чемпионатының тығыз кестесіне байланысты ол бізге ойын күні ғана келетін еді. Ал ұлттық құраманың жолдастық матчтарынан кейін Ян Бельгияға да ойын күні оралатын еді. Ол сөзсіз ұлттық құраманың негізгі үміткері. Келесі ойындарда міндетті түрде бізбен бірге болады деп сенеміз.

Марат Быстров

— Марат Быстров жарақатына байланысты келмеді ме?

— Быстровпен де біз оқу-жаттығу жиыны алдында сөйлестік. Оның денсаулығына байланысты мәселелер бар. Ұлттық құрамадағы қосымша жаттығулар оған одан да көп қиындықтар туғызар еді. Сондықтан Маратқа ем алуға назар аударуын дұрыс деп шештік. Ол да Қазақстан құрамасына кандидат. Алдағы матчтарда ол толығымен сауығып, біздің қатарымызда болады деп үміттенеміз.

Әлібек Қасым

— Стас Покатилов пен Әлібек Қасым да жақсы ойнап жүрген еді.

— Стас – ұлттық құрамаға үміткерлердің бірі, ол біздің кеңейтілген тізімде. Дәл осы Әлібек Қасымға да қатысты. Мен жанкүйерлеріміздің уайымын түсінемін, бірақ мен осыған дейін айтқанымдай, ұлттық құрамаға келіп, қосалқы ойыншылар қатарында болып, оны дұрыс қабылдай алатын футболшылар бар. Сонымен қатар, егер мен шақыратын болсам, онда міндетті түрде ойын уақытын беру керек ойыншылар да бар. Қасым мен Покатиловқа алаңдағы ойын уақытын беремін деп әлі кепілдік бере алмаймын. Сондықтан бүгінгі күні оларды ұлттық командаға шақырудың қажеттілігі жоқ деп санаймын. Бұл жігіттердің қандай да бір матчтарда ойнай алатынын түсінгенде мен оларды ұлттық құрамаға шақырамын. Сонымен қатар, Қасымда мамыр айындағы жиын қорытындысы бойынша тәртібі үшін санкциялар бар. Маған ұнамайтын жағдайлар да орын алды. Оларды реттеу үшін ол мүлдем ештеңе істемеді.

Бас жаттықтырушы ретінде тізімді таңдаудағы соңғы сөз менде және ол үшін мен жауап беремін деп айтамын. Ұлттар лигасының матчтары жаттықтырушылар құрамындағы таңдау дұрыс болғанын растады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте