ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

ПСЖ мен «Баварияның» өзі қызғанатын рекордқа ие «Тобылдың» қарсыласы «Линькольн» жайлы не білеміз

Чемпиондар лигасында жолы болмаған «Тобыл» бағын Конференция лигасында сынап көреді. Екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы – «Линькольн Ред Импс». Осы орайда көпке танымал емес гибралтарлық клуб туралы ақпараттармен бөліспекпіз.

Линькольн

«Линькольн» – Гибралтардың ең титулды клубы. Ішкі чемпионатта 26 мәрте топ жарып, 17 рет кубокты басынан асыра көтеріп, он мәрте Суперкубокты жеңген. Аталған сандардың барлығы Гибралтар футболының рекорды болып табылады.

Сонымен қатар «Линькольнге» Еуропаның топ клубтары қызғана қарайтын рекорд тиесілі. Ол – ішкі чемпионатта үздіксіз чемпион атану рекорды. «Линькольн» 2003-2016 жылдар аралығында қатарынан 14 рет чемпиондықты ешкімге бермеген. Тек 2016/17 маусымда күтпеген жерден «Европа» клубы чемпион атанып, «қызылдарды» тақтан тайдырған. Бұл аз десеңіз, еуропалық футбол сахнасындағы тағы бір рекорды бар. «Линькольн» 2009 жылдың мамыры мен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында қатарынан 88 матч (1 959 күн) бойы жеңілістің ащы дәмін татпаған.

Рекордтарына тамсанып болсақ, тарихына үңіліп көрелік. «Линькольн» 1976 жылы «Глэсис Юнайтед» пен «Сент-Ягос» клубтарынынң ойыншыларынан құрылған. Сол заматтан бері команда Гибралтар жоғарғы дивизионының айнымас мүшесі. 2002-2007 жылдар аралығында «Ньюкасл Юнайтед» деп аталды.

Линькольн

«Линькольн» – Чемпиондар лигасында ойнаған алғашқы гибралтарлық клуб. «Қызыл сайтандар» 2014 жылы дебюттік матчын өткізіп, содан бері еурокубоктік турнирлерде іріктеу раунды мен топтық кезеңді қоса алғанда тоғыз жеңіске жетіп, жеті рет тең түсіп, 22 мәрте жеңіліс тапқан.

Жоғарыда топтық кезең деп бекер айтпадық. Өйткені «Линькольн» – Гибралтар тарихындағы еурокубоктік турнирлердің негізгі кезеңіне шыққан алғашқы команда. Толығырақ, «қызылдар» өткен маусымды Чемпиондар лигасынан бастап, бірінші «Флораны» (5:0, 2:2) жеңіп, екінші кезеңде ЧФР Клуждан айласын асыра (1:2, 0:2) алмай, Еуропа лигасының үшінші раундына түсті. Онда «Слованнан» (1:3, 1:1) жеңіліп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне топ ете қалды. Сөйтіп ол жақта «Риганы» (1:1, 3:1) тізе бүктіріп, тарихи нәтижеге қол жеткізіп, топтық кезеңге жолдама алды. «Линьколь» Конференция лигасында ПАОК (Грекия), «Копенгаген» (Дания) және Еуропа лигасында жолын кескен «Слованмен» (Словакия) бір топқа түсіп, барлық ойында ұтылып, тарихи топтық кезеңді соңғы орынмен аяқтады.

Линькольн – ПАОК

«Қызыл сайтандар» ағымдағы маусымды да Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы кезеңде македониялық «Шкупиге» жеңілді – 2:3 (0:3, 2:0). Ал «Тобылды» венгриялық «Ференцварош» командасы тобықтан шалды – 1:5 (0:0, 1:5).

«Линькольн» ойыншыларының жалпы құны 1,84 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншысы – 34 жастағы хавбек Лиам Уокер (150 мың еуро). Ал «Тобылдың» құны – 11,13 миллион еуро. Ең қымбат футболшысы – Игорь Сергеев. Оның нарықтағы бағасы – 1,7 млн еуро.

«Линькольн» құрамының 40%-ын (10 ойыншы) легионерлер құрайды. Қазіргі таңда өз ұлттық құрамаларында ойнайтын 11 футболшысы бар. Барлығы да Гибралтар құрамасының намысын қорғайды. Ал «Тобылдың» 39,1%-ы (9) шетелдік ойыншылар. Ұлттық құрамадағы аяқдопшылар саны – 9. Олар: Асхат Тағыберген, Сергей Малый, Александр Марочкин, Владислав Васильев, Айбар Жақсылықов, Самат Жарынбетов, Бағдат Қайыров (барлығы – Қазақстан), Игорь Сергеев (Өзбекстан) һәм Жарко Томашевич (Черногория).

Линькольн

«Қызыл сайтандар» маусымаралық үзілісте алты жаңа ойыншымен толықты. Олар: Хуанфри, Нано, Жуампе, Иван Виллануева, Наузет Гарсиа және Джулиан Бритто. Сонымен қатар жастар командасынан алынған футболшылар да бар.

«Линькольн» өз алаңындағы ойындарды 5000 жанкүйер сыятын «Виктория» стадионында өткізеді. Бір қызығы, Гибралтар Ұлттық лигасындағы барлық 11 команда осы аренада ойнайды. Сонымен қатар ұлттық құрама да осында өнер көрсетеді.

«Қызыл сайтандардың» бас бапкері – Рауль Кастильо. 41 жастағы испаниялық маман 2022 жылдың мамыр айында ғана клуб тізгінін қолына алды. Оған дейін екі жыл бойы бас бапкердің көмекшісі болған еді.

Рауль Кастильо

«Линькольн» қостанайлықтар секілді миллиардтаған бюджетімен, танымал ойыншыларымен мақтана алмайды. Алайда рухтары ешқашан сынған емес. Қағаз жүзінде, әрине, «Тобыл» фаворит. Бірақ «Линькольн» бірнеше рет өзінен мықты командаларды жарыс жолынан шығарған. Сондықтан гибралтарлық жұмбақ ұжымды бағаламауға болмайды.

Қос клуб арасындағы алғашқы ойын 21 шілде күні Қостанайда, қарымта матч 28 шілдеде Гибралтарда өтеді.

Фото: «Линькольн» ФК, ПАОК ФК

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте