ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қонақжайлылығымызды көрсетіп, Финляндияға екінші рет есе жіберіп, Пуккидің рекорд жаңартуына да көмектестік

2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы өз алаңымызда өткен соңғы ойында Финляндиядан 0:2 есебімен ұтылдық. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі ойын жайлы және кездесуден бөлек те орын алған жағдайлар туралы өз ойымен бөліспек.

Қазақстан — Финляндия

Әңгіменің әлқисасын бірден «Астана Аренада» өткен ойыннан бастасақ. Кездесу бір сарында басталып, қос құрама бір-бірінің қадамын аңдумен болды және айтарлықтай қауіпті сәттер орын алмады. Дегенмен алғашқы ауыз толтырып айтар сәт біздің құрамада болды — Оралхан Өміртаев 37 минутта айып алаңының ішінен жойқын соққы жасады. Бірақ қақпадан биік кетті бұл соққы. Осыдан кейін қауіпті сәттердің легі артты, өкінішке орай, тек біздің қақпамызға қарай. Қорғаушы Альбин Гранланд екі мәрте қақпамызға төніп, тіпті, біреуінде Щацкий қорғаған қақпаның маңдайшасын қақыратты. Осындай сәттердің бірінде Абзал Бейсебеков пен Сергей Малый екеулеп жүріп, Пуккиді тоқтата алмай, 45 минутта Теему есеп ашып кетті. Одан соң бірінші таймға төреші қосқан үш минуттың үшіншісінде Пукки тағы да гол соқты, бірақ бұл жолы VAR мен төрешілер араласып жатып, Қазақстанды екінші голдан аман алып қалды. Көзі қырағы көрермен байқаса, сол гол таза болған секілді. Түркиялық төрешілер тобы Қазақстанға жасаған көмегіміз болсын деп ережеге сай соғылған голды есептемей қойғандай көрінді.

Қазақстан — Финляндия

Екінші таймға келер болсақ, финдер белсенді бастап, 48 минутта тағы сол Пуккидің көмегімен есепті 0:2-ге жеткізіп қойды. Ал Қазақстан жарытып ештеңе істемеді. Пастары кімге екені белгісіз жаққа, соққылары сөзсіз қақпаға емес бағытта ұшып жатты. Бар мақтанарлары — қақпаға жасалған жалғыз дәл соққы. Осы соққы матч соңына дейін де жалғыз сырап қала берді. Финляндиялықтар болса бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. Есепті бұдан да ірі қылатындай мүмкіндіктері болды. Бірақ онсыз да құрдымда жүрген қазақ футболын кешірді финдер. Осылайша ойын 0:2 есебімен аяқталды және Қазақстан қатарынан 14 ойын бойы жеңістің не екенін білмей келеді. Бес мәрте тең тарқасып, тоғыз ойында жеңілістің ащы дәмін татты.

Осы ойыннан кейінгі D тобындағы жағдайға тоқталсақ, 12 ұпайы бар Франция көш бастап тұр. Одан кейін қоржындарына тоғыз ұпай жинаған Украина келеді. Үздік үштікті сегіз ұпаймен Финляндия қорытындылап тұр. Босния және Герцеговина болса, жеті ұпаймен төртінші сатыға жайғасқан. Ал Қазақстан үш ұпаймен соңғы орынды місе тұтуда және бізден басқа төрт құраманың да Әлем чемпионатының жолдамасына таласар мүмкіндіктері бар.

Қазақстан — Финляндия

Ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында журналист қыз Талғат Маруаұлына: «Ертеңгі ойынның нәтижесі біз үшін ештеңені өзгертпейді, ал жеңіс финдерге көп көмектеседі. Неге қазақ қонақжайлығын көрсетіп, қарсыластарға жеңісті бере салмасқа? Өмір — бумеранг. Мүмкін болашақта олар бізге көмектесіп қалар…», — деп сұрақ қойған еді. Расында да қонақжайлылығымызды көрсетіп, үш ұпай сыйлап жібердік. Бірақ жайдан-жай бере салмадық. 90 минут жасыл алаңда тер төгіп, таза еңбекпен қоржындарына салдық.

Қонақжайлылығымыз сонша, Пуккидің Финляндия футболының тарихына енуіне де көмектестік. Нақтырақ, Теему Қазақстанға соққан қос голының арқасында Финляндия құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Ол 32-ші және 33-ші голдарын тойлап, Яри Литманеннің рекордын (32 гол) жаңартты.

Пуккидің Щацкийге гол соққан сәті

Бұл ойында үш ұпайдан ғана емес үздік аяқдопшыларымыздан да айырылдық. Бахтиер Зайнутдинов сары қағаздарының көптігіне байланысты қарашаның 13-нен 14-не қараған түнде өтетін Францияға қарсы матчқа қатыса алмайды. Сондай-ақ Ян Вороговский де дәл осы жағдайға байланысты француздарға қарсы ойында бой көрсетпейді.

Міне, осылайша тағы бір Әлем чемпионаты біз үшін есігін ашпады. Енді тек Францияда лайықты ойнауды ғана күтеміз.

Фото: ҚФФ, UEFA

Қазақстан құрамасы жайлы жаңалықтар

Больше новостей
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте