ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ливерпуль» мен «Реал» араға 4 жыл салып, қайтадан финалда кездеседі. Бұл жолы кімнің мерейі үстем болмақ

Дүбірлі доданың дүйім жұрт күткен финалы да жақындап қалды. «Реал» мен «Ливерпуль» тарихында үшінші рет Чемпиондар лигасының финалында күш сынасады. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі командалардың өзара текетірестері, статистикалық және басқа да деректері мен финал жайлы азды-кем ақпараттарды топтастырды.

Салах пен Рамос

Ә дегеннен қос клубтың өзара өткізген ойындарына тоқталсақ. «Реал» мен «Ливерпуль» осы уақытқа дейін сегіз мәрте кім мықтыны анықтаған. Барлық матч еурокубоктік турнирлер аясында өтіп, төртеуінде испаниялықтардың асығы алшысынан түссе, үш кездесуде англиялық клубтың мерейі үстем болған. Ал бір ойын тең есеппен аяқталыпты.

«Реалдың» Чемпиондар лигасындағы соңғы жеңісі естеріңізде болар. 2018 жылы мадридтіктер дәл осы «Ливерпульді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, 13-ші рет чемпион атанған еді. Ал оған дейін 1981 жылы Чемпиондар кубогінің финалында «Ливерпуль» Париждегі «Парк-де-Пренсте» «Реалдан» басым (1:0) түскен.

Мерсисайдтықтар алты мәрте Чемпиондар кубогінде топ жарды. Оның екеуі Чемпиондар лигасының дәуірінде. Ал «королдік клуб» 14-ші рет «қалқаң құлақ» кубокты басынан асыра көтеруі мүмкін. Сонымен қатар «Реал» Чемпиондар лигасының финалында мүлде жеңіліс көрмегенін айта кеткен жөн. Осыған дейін жеті рет финалға шығып, жетеуінде де қарсылас шақ келтірмеген. Бұл испаниялық клубтың рекордтық сегізінші финалы болмақ.

Личные встречи

Ливерпуль – Реал

«Ливерпуль» мен «Реал» Чемпиондар кубогінің финалында үш рет кездескен алғашқы жұп болмақ. Осыған дейін «Реал» мен «Реймс» (1956, 1959), «Милан» мен «Аякс» (1969, 1995), «Аякс» пен «Ювентус» (1973, 1996), «Милан» мен «Бенфики» (1963, 1990), «Ливерпуль» мен «Милан» (2005, 2007), «Барселона» және «Манчестер Юнайтед» (2009, 2011), «Реал» және «Атлетико» (2014, 2016) һәм «Реал» мен «Ювентус» (1998, 2017) финалда екі мәрте күш сынасқан еді.

Сондай-ақ бұл Англия мен Испания клубтарының арасындағы рекордтық бесінші финал болады. Италия мен Испания клубтары өзара бір финалға кем өткізген.

«Ливерпульдің» Чемпиондар кубогі, яғни Чемпиондар лигасының финалындағы нәтижелері:

1976/77: «Ливерпуль» — «Боруссия» Менхенгладбах 3:1

1977/78: «Ливерпуль» — «Брюгге» 1:0

1980/81: «Ливерпуль» — «Реал» 1:0

1983/84: «Ливерпуль» — Рома» 1:1 (пен. 4:2)

1984/85: «Ювентус» — «Ливерпуль» 1:0

2004/05: «Ливерпуль» — «Милан» 3:3 (пен. 3:2)

2006/07: «Милан» — «Ливерпуль» 2:1

2017/18: «Реал» — «Ливерпуль» 3:1

2018/19: «Ливерпуль» — «Тоттенхэм» 2:0

Ливерпуль

Еуропа чемпиондар кубогінде 13 рет жеңіске жеткен «Реал» кәрі құрлықтың ең титулды клубы болып табылады. Оның финалдағы жалпы статистикасы 13 жеңіс пен үш жеңілістен тұрады.

1955/56: «Реал» — «Реймс» 4:3

1956/57: «Реал» — «Фиорентина» 2:0

1957/58: «Реал» — «Милан» 3:2 (қос. уақ.)

1958/59: «Реал» — «Реймс» 2:0

1959/60: «Реал» — «Айнтрахт» 7:3

1961/62: «Бенфика» — «Реал» 5:3

1963/64: «Интер» — «Реал» 3:1

1965/66: «Реал» — «Партизан» 2:1

1980/81: «Ливерпуль» — «Реал» 1:0

1997/98: «Реал» — «Ювентус» 1:0

1999/00: «Реал» — «Валенсия» 3:0

2001/02: «Реал» — «Байер» 2:1

2013/14: «Реал» — «Атлетико» 4:1 (қос. уақ.)

2015/16: «Реал» — «Атлетико» 1:1 (пен. 5:3)

2016/17: «Реал» — «Ювентус» 4:1

2017/18: «Реал» — «Ливерпуль» 3:1

«Ливерпуль»

  • «Ливерпуль» ағымдағы маусымда 14-ші рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті және бесінші рет финалға шықты.
  • «Ливерпуль» тарихында алғаш рет бір еурокубоктік маусымда он жеңіске қол жеткізді.
  • «Қызылдар» Чемпиондар лигасының тарихында тұңғыш рет алты қонақтағы ойында жеңіске жетті.
  • Чемпиондар лигасындағы испаниялық клубтарға қарсы соңғы 18 ойында «Ливерпуль» алты мәрте (Т3, Ж9) жеңіс тойын тойлаған.

«Реал»

  • «Реал» топтық кезеңдегі алты матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, соңғы төрт маусымда плей-оффқа үшінші рет бірінші орынмен өтті.
  • Бензема ағымдағы маусымда 15 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап келеді.
  • «Реалдың» англиялық клубтарға қарсы статистикасы: Ж19, Т13, Ж16.
  • Мадридтіктер соңғы 12 Чемпиондар лигасының онында кемі жартылай финалға дейін жеткен.
Анчелотти

Карло Анчелотти – бес рет Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы бапкер. Сонымер қатар «Реалдың» бас жаттықтырушысы Чемпиондар кубогін төрт мәрте жеңген алғашқы бапкер де атануы мүмкін. Одан бөлек бұл турнирде бапкер ретінде үш реттен Зинедин Зидан мен Боб Пейсли топ жарған. Осы орайда Анчелотти мырзаның матч алдындағы пікіріне де көз жүгіртіп өтелік.

«Ливерпуль» 2018 жылғы финалда кеткен есесін қайтарғысы келе ме? «Реал» да жеңіске жетуге қарсы емес, өйткені ол «Ливерпульге» 1981 жылы финал Парижде өткен кезде жеңілді ғой. Бұл үлкен бір мәселе болады деп ойламаймын. Екі ұлы команда кездеседі және ең батылы әрі мінездісі жеңіске жетеді. «Ливерпульде» жоғары деңгейлі футболшылар бар, олар өте қарқынды және ұйымдасқан түрде ойнайды. Бұл ең мықты командалардың бірі. Юрген Клопп – ұлы бапкер. Мен онымен жақсы қарым-қатынастамын. Ол керемет жұмыс атқарды.

«Реал» бас бапкері Карло Анчелотти

Юрген Клопп

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп та ойын алдында қарсыласына қатысты жақсы пікір білдірді.

«Чемпиондар лигасының финалына енді қашан шығатыныңды білмейсің. Сондықтан бұл өте ерекше оқиға. Біз соңғы 10 жыл ішінде кем дегенде төрт рет жеңімпаз атанған командамен кездесеміз. Бұл финалды одан сайын ерекше ете түседі. Егер «Реал Мадридтің» әр матчының соңғы 10 минутын қарасаңыз, онда бізде мүмкіндік жоқ деп ойлауға болады. Бірақ матчтары ұзаққа созылып, олар жеңілмеудің қамымен әуре болды. «Реал» өте тәжірибелі және финалға қалай дайындалу керектігін жақсы біледі, біз оны 2018 жылы сезіндік. Сол күні олар күштірек болды, бірақ содан бері біз де тәжірибе жинадық».

«Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп

Финалда төмендегідей бастапқы құрамды көруіміз мүмкін:

«Ливерпуль»: Алиссон; Александер-Арнолд, Конате, ван Дейк, Робертсон; Хендерсон, Фабиньо, Кейта; Салах, Мане, Луис Диас

«Реал»: Куртуа; Карвахаль, Эдер Милитао, Алаба, Менди; Кроос, Каземиро, Модрич; Вальверде, Бензема, Винисиус Жуниор

Стадион

Финал үшінші рет Париждегі «Стад-де-Франс» стадионында өтеді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Аталған алаңдағы алғашқы екі финалда да испаниялық клубтардың асығы алшысынан түскен. 2000 жылы «Реал» «Валенсияны» 3:0 есебімен жеңсе, 2006 жылы «Барселона» «Арсеналды» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Сонымен қатар екінші жыл қатарынан финалдық кездесу өтетін стадион өзгертілгенін де айта кеткен жөн. Өткен маусымда коронавирусқа байланысты Стамбулдағы «Ататүріктен» Портудағы «Драгауға» ауысқан еді. Ал осы жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан финал Санкт-Петербургте емес, Парижде өтеді.

Матчтың бас төрешісі франциялық Клеман Тюрпен болады. Оған қос қапталдан Николя Дано мен Сириль Гренгор көмектеседі. Төртінші төреші қызметі тағы бір француз Бенау Бастьенге сеніп тапсырылды. Ал VAR-ға Жером Брисар жауап береді.

Ойын елорда уақытымен 28 мамырдан 29-на қараған түні 01:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирдe «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте