ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Легионерге қатысты лимитті алып тастағаннан не өзгереді?

Ресей футболында соңғы екі ай көлемінде легионерге деген шектеуді алып тастау туралы мәселе талқыланып жатыр. Тіпті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің өзі пікір білдірді. Бұл мәселе Қазақстанда да бар. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі мұндай шектеу қажет пе, жоқ па? деген сұраққа жауап іздеп көрген еді.

Зайнутдинов және Бахтияров

Ресей футбол одағының президенті Александр Дюков 23 тамызда клуб басшыларын жинап, осы мәселені талқылаған. Сол кезде Ресей премьер-лигасындағы 16 клубтың төртеуі ғана легионерлерге шектеуді толықтай алып тастауды қолдаған.

Жалпы, көрші 2005 жылдан бері легионерлерге деген шектеу алты рет өзгерген. Қазіргі кезде 17+8 жүйе қолданылады. Яғни жаңа маусымға тіркелген 25 ойыншының 17-сі легионер болмауы тиіс.

11 қыркүйекте Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Токио Олимпиадасына байланысты спортқа қатысы бар адамдармен кездесу өткізді. Сол кезде осы мәселе көтерілді. Бірақ Путин қарсы екенін білдірді.

Путин

«Шектеуді алып тастайық. 1988 жылдан бері футбол құрамамыз Олимпиадаға қатысып көрген жоқ. Егер чемпионатта тек легионерлер ойнаса, тағы 20 жыл Олимпиадаға қатыспаймыз. Керемет», ­­ - деді Владимир Путин.

Естеріңізде болса, 1988 жылы КСРО құрамасы Сеул Олимпидасында чемпион атанған. Финалда Бразилия футболшыларын жеңген. Сол кезде құрамада тараздық Евгений Яровенко ойнаған.

Биыл Чемпиондар лигасының барлық іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, топтық кезеңнің алғашқы ойынында Донецкінің «Шахтерін» 2:0 есебімен ұтқан Молдованың «Шериф» клубының бас бапкері Юрий Вернидубтің пікірі басқаша.

«Мен «Шериф» клубына легионерлерге қатысты шектеу алынып тасталғанда келдім.  Молдова футболшылары ренжімесін, бұл жағдай біздің Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетуімізге пайдасын тигізді. Жалпы, мұндай шектеулер ешқашан чемпионатқа пайда әкелмейді. Яғни, мен бұл ретте Молдова, Ресей, Украина, Қазақстан туралы айтып отырмын», - ­ дейді Вернидуб.

Оның айтуынша, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнау үшін легионерге деген лимитті толық алып тастау керек. Жергілікті ойыншылар негізгі құрамда өнер көрсетуге лайықты екенін жаттығуда және алаңда дәлелдеуі тиіс. Тек төлқұжатына байланысты алаңда жүрмеуі қажет деп отыр.

«Кез келген бапкер негізгі құрамға лайықты ойыншыларды шығарғысы келеді. Ал лимит болса, амал жоқ, ойнатуға тура келеді. Бұл мәселе шешілмей, ешқашан нәтиже болмайды», ­- дейді маман.

Қазақстанда қазіргі кезде алаңда 6 легионер ойнауға болады. Ал командада 8 легионерге тіркеуге мүмкіндік берілген. Егер 35 мың доллар төлесең, тағы екі легионер қосып алуға мүмкіндік бар. Оның үстіне, соңғы екі маусымда Еуразиялық одаққа мүше елдердің ойыншылары Қазақстанда легионер болып саналмайды. Яғни Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан ойыншылары емін еркін ойнап жүр.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин жақында Sports True Youtube-арнасына берген сұхбатында Қазақстан легионерлерге шектеу алып тастауға асықпайтынын айтты.

Футбол инсайдері Айдын Қожахметтің айтуынша, Ресейде легионерге шектеуді алып тастаса, бұл Қазақстанға да әсер етеді.

«Бірінші кезекте бұл Ресейде доп теуіп жүрген отандастарымызға қатысты. Егер олар лимитті алып тастаса, онда ЕАЭО ойыншыларына байланысты ереженің қажеті болмай қалады. Щеткин, Мұртазаев, Зайнутдиновтер бес құрлықтан келген ойыншылардың барлығымен бәсекелесуі тиіс. Шектеу болмаса, Бразилия, Аргентина, Хорватия футболшыларын оп-оңай әкеледі. Сол кезде біздің футболшылар Ресей чемпионатына жарамай қалуы мүмкін», -­ дейді Айдын Қожахмет.

Зайнутдинов

Ол жасанды түрдегі шектеулердің барлығына қарсы екенін, бірақ Қазақстанды алып қарсақ, жағдай басқаша деп отыр. Өйткені біздегі клубтардың түгел дерлік жергілікті әкімдіктердің бюджетінен қаржыландырылады. Егер облыстық, қалалық, республикалық бюджеттен дотация алмаса ғана нәтиже береді деп санайды.

«Жекеменшік клубтар ақшаларын жұмсағандықтан, деңгейі төмен футболшылар шақырмайды. Ал әкімдік қаржы бөлгенде көлеңкелі істер басталады.  Қазіргі кезде әйтеуір 12 қазақстандық футболшы тізімде болу керек деген регламент бар. Ол ережені алып тастаса, Дашянов, Медведев сияқтылар топырлайды. Сосын тек бюджетті игеру басталады. Жалпы, шектеуді алып тастасақ, негізі жақсы. Бірақ алдымен кәсіби клубтар бюджет қаржысынан бас тартуы тиіс. Сол кезде жекеменшік клубтар арасында лайықты бәсеке болады. Әзірге бұл мүмкін болмай тұр», - дейді футбол инсайдері.

Жоғарыда айтқанымыздай, бізде қазір легионерге қатысты шектеу бұрынғыдан жеңілдетілген. Өйткені ЕАЭО ойыншылары елімізде емін-еркін доп тебе алмады. Мысалы, Қазақстан кубогының топтық кезеңінің соңғы турында «Атырау» Қостанайдың «Тобылымен» кездесті. Негізгі құрамда бірде-бір қазақстандық төлқұжаты бар футболшы болмады. Яғни бес ойыншының орнын Армения, Ресей, Беларусь футболшыларымен толықтырды. Сөйтіп, жүріп құрамында сегіз қазақстандық футболшысы бар «Тобылдан» 1:3 есебімен жеңілді. Осыдан-ақ елімізде сапасыз легионерлердің толып жүргенін байқауға болады.

"Атырау" - "Тобыл"

«Астананың» қосалқы құрамын жаттықтықтыратын, кезінде ұлттық құрамада өнер көрсеткен Әли Әлиев ЕАЭО туралы регламент көңілінен шықпағанын айтады.

Әлиев

«Отандық футболдың жанашыры ретінде шынайы түрде қазақ футболы дамығанын қалаймын. Бұл шешімнің қаншалықты дұрыс екенін уақыт көрсетеді. ЕАЭО елдерінен келген ойыншылардың арасында таңқалдырған ешкім болмады. Бізде көбінесе, Ресейдің бірінші лигасынан келген. Армян футболшыларынан Мхитарян келмесі анық. Ал Тигран Барсегян онсызда «Астанаға» дейін «Қайсар» сапында өзің легионер ретінде көрсетіп үлгерген», ­- дейді Әли Әлиев.

Қорытындылай келе, дәл қазір Қазақстанда легионерлерге шектеуді алып тастау әлі ерте секілді. Ол үшін Айдын Қожахмет айтқандай, алдымен клубтар жекеменшікке өтуі тиіс.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте