ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Гоу бар жерде гол бар. Қазақстанға қайта оралған шабуылшыдан не күтеміз?

Осы күні «Ақтөбе» футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығужиынына отандық жанкүйерлерге жақсы таныс шабуылшы Жерар Гоу келіп қосылды.«Қайрат» сапында Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет үздік сұрмерген атанғанивуарлық футболшының бұл жорығынан не күтеміз? Осыған Meta-ratings.kz тілшісі назараударған болатын.

Жерар Гоу

Қазақстанныңбес дүркін чемпионы «Ақтөбенің» ел біріншілігінде жүлдеге ілікпегеніне жетіжылға жуықтады. Биыл клуб басшылығы сол олқылықтың орнын толтыруды көздепотырғандай. Команда құрамына бірнеше ойыншы келіп қосылды. Хорватиялық МатеЦрнчевич, Армения құрамасының футболшысы Соломон Удо, былтыр «Қызыл-Жар»қорғаушысы болған Әлібек Қасыммен келісімшартқа отырған. Одан бөлек, СтасПокатилов, Саша Стаменкович, Антон Бочаров, Арман Кеңесовтер де сынақта жүр.Былтыр Литва чемпионатының үздік сұрмергені әрі үздік ойыншысы атанған УгоВидемон да Муханов жаттықтыратын клубтыңқатарында.

Ендіосы Видемонға шабуылда бәсекелес болуға Жерар Гоу лайықты бола ма? Әзірге 33жастағы футболшының «Ақтөбеде» қалу қалмауы да белгісіз.

Жерар Гоу

Жерар- Қазақстан футболында өзіндік ізін қалдырған ойыншы. Ол 2014 жылдың маусымайынан 2017 жылдың қарашасына дейін өнер көрсетті. Қазақстан премьер-лигасында102 ойын өткізіп, 80 гол соққан. Одан бөлек, Еуропа лигасындағы 11 добы тағыбар. Жалпы, Қазақстанда жүріп, 99 доптың авторы атанған. Шабуылшы Қазақстанпремьер-лигасының үш рет үздік сұрмергені болды.

СосынҚытайдың бірінші лигасындағы «BeijingBG» командасына ауысты. Қытайда 48 матчта 31 гол соқты.Кейін Түркия чемпионатында бағын сынап көрмекші болды. Сөйтіп, Суперлигадағы«Қасымпаша» жейдесін киді. Бірақ тоғыз матчта бірде-бір гол соқпады. Әріқарайтіпті матч хаттамасына да ілікпеді. Жерар алаңға соңғы рет 2020 жылдыңқыркүйегінде шыққан. Футбол ойнамағына бір жылдан асып кеткен.

Жерар Гоу

Facebook парақшасына бірнеше рет хабарласып көргенбіз. Сол кездеешқандай жарақаты жоқ екенін, бірақ клубпен қарым-қатынасы дұрыс еместігінайтқан. Алайда нақты себебін түсіндірмеді.

Қазірфутболшының артық салмағы бар. «Ақтөбе» сапында осыдан бес жыл бұрынғы«Қайраттағы» ойынын көрсете ала ма? Бұл енді үлкен сұрақ.

Мысалы,Жуниор Кабананганың «Астанаға» қайта оралуы өз нәтижесін бермеген. Оның үстіне,Жерардың көптен бері ойнамағанын, жасы болса келіп қалғанын да ескеру керек.Оның үстіне, Алматыда ойнағандай болмаса да, Қазақстан үшін әжептәуір жалақысұрары анық. Осы жағын «Ақтөбе» клубы ойлануы тиіс. Шешім қабылдар алдында жетірет өлшеп, бір рет кескені дұрыс болар.

Футболшыныңагенті Сергей Новиков Prosports.kz порталына берген сұхбатында ивуарлық футболшыныңкелгенін растаған.

«Жерар шынымен де, «Ақтөбенің» жаттығу лагеріне келді. Ол жарты жыл командасыз жүрді. Өйткені «Қасымпашамен» келісімшарты аяқталды. Қиын кезең өтті. Түрік клубымен сот процесі болды. Құдайға шүкір, барлығы сәтті аяқталды. Футболшы сот процесін өз пайдасына шешті. Гоу көп уақыт футбол ойнаған жоқ. Үнемі клубтың қысымында болды», - дейді Сергей Новиков.

Жерар Гоу

Олосы ретте мүмкіндік беріп отырған «Ақтөбе» клубының басшылығы мен бапкерінеалғыс айтты.

«Жерар шынымен әлемдік деңгейдегі шебер. Ол өзінің қабілетін іс жүзінде көрсетуге әзір. Егер клуб келісімшартқа отырса қателеспейді. Команданың алдыға қойған тапсырмаларын шешуге көмектесе алатын шабуылшы. Мен бұған күмәнданбаймын», - дейді агенті.

Ол Meta-ratings.kz тілшісі жазған артық салмақ туралы ақпаратты растады.Бірақ 106 келі емес деп отыр.

«Өйткені Гоу ұзақ уақыт үзілістен кейін келді. Бірақ баспасөзде айтылып жатқандай 106 келі емес. Меніңше, 7-10 күнде қалыпқа келуі тиіс. Сосын жалпы топпен жаттығу жасайды»,- дейді Сергей Новиков.

Жерар Гоу

Ол Владимир Муханов бастаған бапкерлер штабы кәсіби түрде қарым-қатынас жасап жатқанын айтқан. Яғни, көптен бері алаңға шықпаған Гоуды қалыпқа келтірумен айналысуда. Жарақат алып, бірден қатардан шығып қалмау үшін барып салып жатқан көрінеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте