ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Данияр Елеусінов жеңіп алған IBO белбеуінің мәртебесі қандай?

Елордадаөткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойыншаәлем чемпионы атанды. Кейбір жанкүйерлер тарапынан бұл қандай тұжырым дегенсұрақ туындап жатыр. Meta-ratings.kz осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Данияр

Кәсіпқой боксшылардың иеленгісі келетінең негізгі төрт тұжырым мен титул бар. Олар – WBC, WBA, IBF және WBO. Сосын2018 жылы Геннадий Головкин иелік еткен америкалық The Ring журналының титулынқосуға болады. Мәртебесі сәл төмен тұжырымдардың арасында IBO мен IBA-ныңтитулдары бар.

Данияр Елеусінов осының ішінде IBOұйымының бос тұрған белбеуін еншіледі. Халықаралық бокс ұйымы (InternationalBoxing Organization) деп аталатын бұл қауымдастық 1988 жылы құрылған. Оныңпрезиденті қызметін 1998 жылдан бері Эд Левин атқарады. IBO жоғарыдаайтқанымыздай, алғашқы төрт ұйымнан мәртебесі төмендеу. Сондықтан Елеусіновтіңсалмағындағы мықтылардың көбісі сол тұжырымдарда бақ сынап жүр.

Данияр

«Даниярға өз салмағындағы чемпиондарға қарсы шығуға әлі ерте. Бүгінгі боксымен алысқа шабуы неғайбыл. Тіпті, жеңіліп қалуы мүмкін. Сондықтан жаттығуды үдету керек. Ол өнер көрсететін жартылай орта салмақтың (66,68)чемпиондары - Эррол Спенс, Теренс Кроуфорд, Йорденис Угас. Үшеуі де мықты, қазіргі Даниярды оңай ұтады», - дейді отандық бокс менеджері Жанпейіс Назарғали.

Жалпы, Данияр әуесқой бокста СерікСәпиевтен кейін барлық титулға қол жеткізген екінші боксшы. Ал кәсіпқой боксқаРио Олимпиадасынан кейін 2017 жылы келді.

Басында аустралиялық компанияменкелісімшартқа отырған. Онысы сәтті жүзеге аспай, сосын әуесқой боксқа оралғанболатын.

Арада бір жыл өткенде танымал менеджерЭдди Хирннің көзіне түсіп, келісімшарт жасасты. Энтони Джошуа, Келл Брук,Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс секілді әлемдік боксжұлдыздарымен жұмыс істейтін Хирн Қазақстанға келіп, тіпті, баспасөз мәжілісінөткізген болатын.

Данияр

Сол кезде атақты промоутер қазақбоксшының мақтауын келістірген еді.

«Данияр, қазақ халқының мақтанышы, Олимпиада чемпионы. Біз онымен және басқа да Олимпиада жүлдегерлерімен келісімшарт жасастық. Олардың арасында Энтони Джошуа бар. Данияр әлемнің барлық жерінде жұдырықтасатын болады. Қазақстанда да жекпе-жегін өткіземіз. 100 пайызға оны әлем чемпионы ретінде шығарамыз», – деген баспасөз мәжілісінде Хирн.

Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысынаменеджер Зия Алиев көмектескен. Британиялық промоутермен келісімшарт жасауынаАлиев ықпал еткен. Ол қазақ боксшысы өнер көрсететін «Boxing Star»компаниясының басқарушы директоры.

Бірақ Хирн-Елеусінов тандемі ұзаққасозылған жоқ. Биылғы жылы маусым айында келісімшарт үзілді. Жақында британдықменеджер бұл Даниярдың таңдауы болғанын айтты.

Данияр

«Бұл оның өз шешімі. Өте үлкен қателік жасады. Менен кеткен соң, не істеді? Ештеңе. Бәлкім, ол шешіміне өкінетін болар», - деді Хирн.

Шынымен де, 18 желтоқсандағыаргентиналық боксшымен кездескенше Даниярдың үзілісі көбейіп кетті. Ол соңғырет былтыр жылы IBF Inter-Continental чемпионы атағы үшін жекпе-жектенамибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) мерзімінен бұрын жеңген. Сосын бір жылдам аса уақыт шаршы алаңғашықпады. Сол кезде әлемдік рейтингтен түсіп қалды.

Даниярға енді өзінің толыққанды чемпионекендігін мойындату үшін жоғарыда аталған төрт тұжырымның чемпиондарыныңбіреуімен шығу әрекет ету керек.

Данияр

Осы салмақтағы WBC және IBFтұжырымдарының белбеуіне кіші Эррол Спенс ие. Ол көпшіліктің мақтауына иебоксшы. Жеңілмеген мықтылардың қатарында.

Спенстің әуесқой бокста айтарлықтайжетістігі жоқ. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев өнер көрсеткен 69келіде бақ сынап, ширек финалда ресейлік Андрей Замковойға ұтылып қалған.Есесіне, кәсіпқой бокста өзің мойындатып жүр. Бүгінгі таңда 27 рет шаршы алаңғашығып, 21-інде қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген.

«Эррол Спенс аса бір керемет талант бар деп ойламаймын. Қазір болмаса да, жақын арада Елеусінов оны оңай орнына қоятына сенемін. Егер үш раундтық жекпе-жек болса Данияр Спенс қазір-ақ жеңеді. Америкалық негізінен қарсыласын қысымға алып, оның ашылғанын күтетін боксшы. Ал Данияр одан техникалық тұрғыдан басым түсуі тиіс. Өйткені, Елеусінов жылдам әрі ақылды. Эрролдың соңғы қарсылас бір орында тұрып жұдырықтасады екен. Егер қарымта шабуылға иелік ететін боксшы болса, оған көп қиындық тудыратыны анық», – дейді Даниярдың қазіргі менеджері Зия Алиев Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Данияр

WBO белбеуі америкалық Теренс Кроуфордтажүр. Бұрын бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. Сол тұста барлық титулды жеңіпалып, абсолютті әлем чемпионы да болған. Төрт бірдей негізгі титулды жеңгентарихтағы үшінші боксшы.

WBA тұжырымы бойынша суперчемпиондықтыкубалық Йорденис Угас еншілеген.Әуесқойбокста Бейжің Олимпиадасында қола жүлдегер болған. 2005 жылы әлем чемпионыатанған. Кәсіпқой бокста 30 жекпе-жек өткізген. Оның 26-сында жеңіске жеткен.Былтыр АҚШ боксшысы Абель Рамостен басым түсіп, бос тұрған WBA белбеуіне қолжеткізді.

БекТөлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте