ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

ӘЧ-2022: қатысушылар, ойындар кестесі, Қазақстандағы трансляция және комментаторлар

20 қараша күні сарыла күттірген футболдан Әлем чемпионаты басталады. Турнирдің басталуына тура бір апта қалды. Осы орайда назарларыңызға қатысушылар мен ойындар кестесін ұсынамыз.

ӘЧ-2022

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 31 құрама және турнир қожайына ретінде топтық кезеңге жолдама алған Катар әрқайсысы төрт командадан тұратын сегіз топқа (А, В, С, D, Е, F, G, H) бөлінді. Топтық кезең 20 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Әр топтан оза шапқан екі құрама плей-офф кезеңіне топ ете қалады.

Топтық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 1 сәуір күні Катардың Доха қаласында өтіп, төмендегідей нәтижемен аяқталды:

А тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланд.

B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс.

C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша.

D тобы: Франция, Австралия, Дания, Тунис.

E тобы: Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония.

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия.

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун.

H тобы: Португалия, Гана, Уругвая, Оңтүстік Корея.

ӘЧ-2022

Топтық кезең

20 қараша, жексенбі

А тобы. Катар – Эквадор – 22:00

21 қараша, дүйсенбі

B тобы. Англия – Иран − 19:00

A тобы. Сенегал – Нидерланд − 22:00

B тобы. АҚШ – Уэльс − 01:00

22 қараша, сейсенбі

C тобы. Аргентина – Сауд Арабиясы − 16:00

D тобы. Дания – Тунис − 19:00

C тобы. Мексика – Польша − 22:00

D тобы. Франция – Австралия − 01:00

23 қараша, сәрсенбі

F тобы. Марокко – Хорватия − 16:00

E тобы. Германия – Жапония − 19:00

E тобы. Испания – Коста-Рика − 22:00

F тобы. Бельгия – Канада − 01:00

24 қараша, бейсенбі

G тобы. Швейцария – Камерун − 16:00

H тобы. Уругвай – Оңтүстік Корея − 19:00

H тобы. Португалия – Гана − 22:00

G тобы. Бразилия – Сербия − 01:00

25 қараша, жұма

B тобы. Уэльс – Иран − 16:00

А тобы. Катар – Сенегал − 19:00

A тобы. Нидерланд – Эквадор − 22:00

B тобы. Англия – АҚШ − 01:00

26 қараша, сенбі

D тобы. Тунис – Австралия − 16:00

С тобы Польша – Сауд Арабиясы − 19:00

D тобы. Франция – Дания − 22:00

C тобы. Аргентина – Мексика − 01:00

27 қараша, жексенбі

E тобы. Жапония – Коста-Рика − 16:00

F тобы. Бельгия – Марокко − 19:00

F тобы. Хорватия – Канада − 22:00

E тобы. Испания – Германия − 01:00

28 қараша, дүйсенбі

G тобы. Камерун – Сербия − 16:00

H тобы. Оңтүстік Корея – Гана − 19:00

G тобы. Бразилия – Швейцария − 22:00

H тобы. Португалия – Уругвай − 01:00

29 қараша, сейсенбі

A тобы. Эквадор – Сенегал − 21:00

A тобы. Нидерланд – Катар − 21:00

B тобы. Иран – АҚШ − 01:00

B тобы. Уэльс – Англия − 01:00

30 қараша, сәрсенбі

D тобы. Австралия – Дания − 21:00

D тобы. Тунис – Франция − 21:00

C тобы. Сауд Арабиясы – Мексика − 01:00

C тобы. Польша – Аргентина – 01:00

1 желтоқсан, бейсенбі

F тобы. Канада – Марокко − 21:00

F тобы. Хорватия – Бельгия − 21:00

E тобы. Коста-Рика – Германия − 01:00

E тобы. Жапония – Испания − 01:00

2 желтоқсан, жұма

H тобы. Гана – Уругвай − 21:00

H тобы. Оңтүстік Корея – Португалия − 21:00

G тобы. Сербия – Швейцария − 01:00

G тобы. Камерун – Бразилия − 01:00

1/8 финал

3–6 желтоқсан

1/4 финал

9–10 желтоқсан

1/2 финал

13–14 желтоқсан

Үшінші орын үшін ойын

17 желтоқсан

Финал

18 желтоқсан

ӘЧ-2022

Катардағы төрт жылдықтың басты додасын елімізде көрсету құқығына «Қазақстан» телерадиокорпарациясы ие болды, яғни мундиальдың 64 матчын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Алайда әзірге қай ойынды нақты қай арна көрсететіні белгісіз.

Әлем чемпионатының кездесулерін 14 қазақстандық комментатор жүргізеді. Олар:

Қазақ тілінде: Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Әлімжан Асқарұлы һәм Руслан Бақытжан;

Орыс тілінде: Сергей Райлян, Ербол Қайыров, Дмитрий Настеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхаммед Төлегенов, Дидар Қадыров және Әділет Құсайынов.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте