ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

ӘЧ-2022 туралы: неге қыста өтеді, регламенті қандай, қанша уақытқа созылады һәм қабылдайтын стадиондар

Meta-ratings.kz назарларыңызға 2022 жылғы Әлем чемпионатына арналған аңдатпаны ұсынады. Бұл мақалада «2022 жылғы Әлем чемпионаты қайда және қашан өтеді», «неліктен 2022 жылғы Әлем чемпионаты қыста болады», «Әлем чемпионаты қанша уақытқа созылады» деген сияқты т.б. жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.

Сондай-ақ біз мундиальды қабылдайтын стадиондар және араб жеріндегі алғашқы Әлем чемпионатына қатысты маңызды оқиғалармен бөлісеміз.

ӘЧ-2022

Әлемдік спорт тарихында тұңғыш рет футболдан Әлем чемпионаты барлығына үйренген уақытта болмайды: күзде және қыста. Эквадор – Катар арасындағы ашылу матчы 20 қараша күні елорда уақытымен сағат 22:00-ге жоспарланған, ал финал 18 желтоқсанда сағат 21.00-де басталады. Яғни бізді 28 күндік ғаламат футбол ойындары күтіп тұр!

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 31 құрама және турнир қожайына ретінде топтық кезеңге жолдама алған Катар әрқайсысы төрт командадан тұратын сегіз топқа бөлінді. Топтық кезең 20 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жалғасады, соңғы матчтар Камерун – Бразилия және Сербия – Швейцария кездесулері болады.

Футболдан Әлем чемпионатының плей-офф раунды топтық кезең аяқталғаннан кейін келесі күні басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

ӘЧ-2022

Катар – Әлем чемпионатын қабылдайтын алғашқы араб елі. Осындай жаңалық үшін халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Әлем біріншілігінің әдеттегі уақытын өзгертуден тартынбады. Бұл тікелей жазда Катарда ауа райының қолайсыз болатындығына байланысты. Жаз мезгілінде елдегі температура 45°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Футболшылар мен жанкүйерлерді азаптамау үшін FIFA маңызды шешім қабылдады – Әлем чемпионатын суық мезгілде өткізу. Қыста Катарда нағыз футбол тойын өткізетін ауа райы болады. Орташа температура 22°C құрайды.

2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатының ережесі бұрынғылардан аса ерекшеленбейді. Жеребе тарту арқылы сегіз топқа бөлінген 32 команда өз квартетінде әр командамен бір ойын өткізеді. Яғни бір ұлттық құраманың ең көп жинайтын ұпай саны тоғыздан аспайды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-оффқа әр топтан екі мықты команда шығады. Егер бәсекелестердің ұпай саны бірдей болса, онда бірінші кезекте қарсыластардың голдарының айырмашылығы, олар соққан доптардың саны және өзара текетірес нәтижесі бағаланады.

Қазірдің өзінде барлық футбол лигалары бес рет ойыншы алмастыруға болатын ережені қабылдады, FIFA да көптен қалғысы келмеді. Алдағы Әлем чемпионатында бапкерлер өз құрамасындағы дүлдүлдерін барынша пайдалануға мүмкіндік алды. Енді қосалқы құрамға 15-ке дейін футболшы отырғыза алады және бір кездесуде бес мәрте ойыншы ауыстыруға болады. Осы тұрғыдан алғанда бұл осындай өзгешіліктері бар алғашқы мундиаль болмақ.

ӘЧ-2022

Шейхтер өз істерін біледі және алдағы Әлем чемпионаты футбол тарихындағы ең қымбат мундиаль болады. Ресейдегі 2018 жылғы Әлем чемпионатына дайындалу үшін 18 миллиард доллар кетті, бұл осы уақытқа дейін рекорд еді. Ал Катар бұл сомаға бұрылып та қарамады, өйткені турнирге дайындық үшін шағын мемлекет 200 миллиард доллар жұмсады. Бұл қаражатқа стадиондар, метро, әуежайлар, финалды қабылдайтын қала (Лусаил) және басқа да көптеген жобалар кіреді.

2022 жылғы Әлем чемпионаты Катардың бес қаласындағы сегіз стадионда болады. Турнирде бас-аяғы 64 ойын өтеді, сондықтан әр арена кем дегенде жеті матчтан қабылдайды. Бағдарлама бойынша ең көп кездесулер «Лусаил» стадионында ойнатылады – он. Сондай-ақ бұл он матчтың ішіне финалдық текетірес те кіреді. Ал «Эль-Байт» стадионында ашылу матчы (Катар – Эквадор) өтеді.

Катардағы ӘЧ-2022 барлық стадиондары:

  • «Лусаил» – Лусаил қаласы, 80 000 жанкүйер сыяды;
  • «Эль Байт» – Эль-Хаур қ., 60 000;
  • «974 стадионы» – Доха қ., 40 000;
  • «Әл Тумама» – Доха қ., 40 000;
  • «Халифа» – Доха қ., 45 000;
  • «Ахмед Бин Әли» – Эр-Райян қ., 44 000;
  • «Эль Джануб» – Эль Вакра қ., 40 000;
  • «Эдьюкэйшн Сити» – Эр-Райян қ., 40 000.
ӘЧ-2022

БАҚ мәліметтері бойынша, Катардағы Әлем чемпионатының жүлде қоры шамамен 1 миллиард долларды құрайды, бұл 2018 жылғы мундиальдан шамамен 200 миллион долларға көп. Әрине, ақпарат әлі нақты емес. FIFA-ның ресми дерегін күтудеміз. Қалай болғанда да, жарнамалық келісімшарттар FIFA-ға ұлттық федерацияларға жақсы сыйақылар төлеуге ғана емес, сонымен қатар пайда табуға да көмектеседі.

Әлем чемпионаты жайлы жиі қойылатын сұрақтар

ӘЧ-2022 қанша уақытқа созылады?
Әлем чемпионаты ағымдағы жылдың 20 қарашасынан 18 желтоқсанына дейін 28 күнге жалғасады.
Неге ӘЧ-2022 қыста өтеді?
Бұл тікелей жазда Катарда ауа райының қолайсыз болатындығына байланысты. Жаз мезгілінде елдегі температура 45°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Ал қыста – 22°C.
Әлем чемпионатың басты фавориті қай құрама?
ӘЧ-2022 басты фавориті ретінде Бразилия қарастырылуда. Одан бөлек Франция, Аргентина, Англия және Германия құрамалары жиі аталуда.
Финал қашан және қайда болады?
Шешуші ойын 18 желтоқсан күні «Лусаил» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте