ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Боксшы Абылайхан Жүсіпов Шымбергеновпен қарым-қатынасы, Олимпиада ойындарындағы мақсатын айтты

Мамыр айының соңғы күнінде бокстан Азия чемпионаты өтеді. Бұл Олимпиада алдындағы соңғы жарыс болмақ. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы құрлық біріншілігіне толық құрамда қатысады. Осы ретте ұлттық құрама мүшесі, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов аталмыш доданың алдында Meta-ratings.kz сайтының авторы Бек Төлеуов сұхбаттасып үлгерді.

Абылайхан Жүсіпов

– Абылайхан Азия чемпионатына дайындық қалай?

– Биылғы Азия чемпионатына жақсы дайындалдық. Құраманың екінші-үшінші нөмірлі боксшыларының барлығы келіп көмектесті. Әр салмақта үш төрт боксшыдан болды. Бірнеше спарринг өткізуге мүмкіндік болды. Көңіл-күйім бәрі жақсы. Жоғары нәтиже көрсету үшін аянып қалмасымыз анық.

– Осылан 4 жыл бұрын Азия чемпионатында финалға дейін барып, екінші орын алдың. Сол кездегі құрлық біріншілігі есіңде ме?

– Боксшылар көп нәрсені ұмытады. Бірақ жекпе-жектерін ұмытпайды деп ойлаймын. Бәрі есімде. Әсіресе, жеңілген кездесу ерекше есте қалады ғой. Ол кезде күміс медаль бұйырды. Финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовқа есе жібердім. Жиырма жаста болатынмын. Ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатым еді.

– Карантин кезінде кәсіпқой бокс кештеріне қатысып жүрдің? Пайдасы тиді ме?

– Осы әңгіме Қазақстанда 2016 жылы басталған болатын. Яғни әуесқой мен кәсіпқой боксты қатар алып жүру деген. Кәсіпқой бокста рингке шығу өзіме ұнады. Карантин кезінде жарыстар тоқтап қалған уақытта пайдасы тиді. Спорттық бабымды ұстауға үлесі болды.

Жеңістен кейін

– Бүгінгі таңда ММА танымал болып кетті ғой. Боксшылардың көбісі аралас жекпе-жекті ұнатпайды дейді. Сенің көзқарасың қандай?

– Ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ жанкүйер емеспін. Аралас жекпе-жектің арқасында споршылар өздерінің отбасыларын асырап отыр. Қаржылық сыйақысы мол. Бұл да бір өмір сүрудің құралы деп ойлаймын.

– Санкт-Петербургтағы турнирде Шымбергенов Замковойды жеңді. Осы жекпе-жекті көруге мүмкіндік болды ма?

– Асланбектің жартылай және финалдағы да жекпе-жектерін тамашаладым. Жартылай финалда өзбекстандық Бобо-Усман Батумовты жеңді. Шешуі кезеңде ресейлік Андрей Замковойдан басым түсті. Зерттеп қарадым. Асланбекке жанкүйер болдым. Біз сол кезде Сербияда жарыста болғанбыз. Өзім Асланбек жеңгенде қатты қуандым. Екеуіміздің арамызда жұрт ойлап жүргендей алауыздық жоқ. Рингте қарсылас болғанымызбен, өмірде бір-бірімізді қолдап отырамыз. Лицензия алған кезде де, алғаш болып құттықтағандардың бірі де Асланбек. Оны боксшы ретінде де, адам ретінде де қатты құрметтеймін.

– Андрей Замковой туралы не айтасың?

– Бұл деңгейдегі жүрген боксшылар әрдайым қандай додаға салсаң да дайын тұрады ғой. Көп нәрсе жеребеге де байланысты. Мысалы, екі мықты екі топта болады. Біреуінің қарсыластары әлсіздеу, екіншісінің тобы мықты болып финалға шаршап жетуі мүмкін. Сондықтан өзара кездесулерде көптеген факторлар әсер етіп жатады. Замковойдың біраз жекпе-жектерін қарап көрдім. Асланбекке дейін де, Серікпен өткен екі кездесуін тамашаладым. Экраннан және оның сыртынан қарау бір бөлек. Мүлдем басқа картина шығады.

Оқу-жаттығу жиынында

– Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаевпен сөйлескенде, Абылайхан Бобо-Усман Батумовтан екі рет басым түскен деп айтты. Онымен қашан кездескенсің?

– Өзбек боксшысымен бір рет Алматыда жолыққанмын. Сосын Украинаның Харьков қаласындағы халықаралық турнирде жеңдім. Сөйтіп, екі рет одан мерейім үстем болды. Одан кейін Болгарияда финалда тағы жолығуымыз қажет болған. Бірақ ол тұста жарақат алып, шыға алмадым.

– Өзбекстан боксының тасы өрге домалап тұр. Олардың соңғы жылдары дәл осылай ілгері кетуіне не себеп?

– Нәтиже жағынан Өзбекстанның озып тұрғаны рас. Рио Олимпидасында, одан кейінгі әлем чемпионаттарында жақсы көрсеткіштерге жетті. Сонымен қатар Азия құрлығында да алда жүр. Алайда Қазақстан боксы төмен қалды деуге келмейді. Өмір деген алма-кезек. Бірде олар, бір біз алға шығамыз. Қазір қазақ немесе өзбек мықты деген жоқ. Әлемде бокс қарқынды дамып келеді. Алдағы 5-10 жылдан кейін мүлдем оңай болмайтын шығар. Әр мемлекеттің бетке ұстар чемпиондары бар. Мыслы филипиннің 75 келіде Марсиал деген боксшысын айта аламыз. Украинаның да ләл осы салмақтағы боксшысы Олександр Хижняк әлем чемпионы атанған. Қырғыздың 52 келідегі боксшысы да мықты. Әр мемлекетте бір салмақта бір жұлдыздан жүр.

Бокс төбелес емес. Сондықтан төрешілер рингте тек белсенділікке ұпай бермеу керек. Дәл соққыны санау қажет. Сонда ғана әділдік орнайды. Кей жағдайда осындай әділетсіздік болып тұрады.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте