ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«БАҚ рейтингін көтеру үшін басқаларды жер қылуға асығады». Қақпашы «Ақсудағы» қаралымы туралы шындықты айтты

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев Metaratings.kz тілшісіне берген сұхбатында ескі жарақаты, «Ақсу» сапынан неліктен кеткендігі жайында және футболдан басқа қолынан не келетіндігі жайлы айтып берді.

Самат Отарбаев

— Үлкен футболға қалай келдіңіз? Бұл саланы таңдауға кім себепкер болды?

— Негізі мектепте 3-4 сыныпта дене-шынықтыру сабағында Оңласын Нұрлан деген ағай болатын. Айта кететін жайт, өйткені көп жерде менің “алғашқы бапкерім“ дегендей айтпай жүргенмін. Сол кісі сабақтан бөлек кәдімгі футбол үйірмесін құрған болатын. Нұрлан ағай үйірмеге менің ағам екеуімізді шақырып, менің бойым ұзын болғандықтан қақпаға тұрғызып, қабілетімді алғаш байқаған да сол мұғалімім болатын. Cол күйі біраз мектепаралық жарыстарға барып, облыстық ОСДЮСШОР футбол мектебіне дейін жеткізген. Өкінішке орай, ағам бірге ол деңгейге дейін жете алмады. Сол мектепте Филипчук Игорь Леонтьевич ары қарай менің өнерімді дамытты деуге болады. Ең басты себепкер енді анам болған шығар, ол кісі бала кезімде маған әрқашан демеу берді.

— Егер футболшы болмағанда кім болар едіңіз?

— Футболға дейін анамның мені қатыстырмаған үйірмесі жоқ. Баскетболға да бардым, ол спортта біраз жетістікке жетіп жатқанда едім, кейбір жағдайлармен болмады. Карате, домбыраға да қатысқанмын. Анам меенің ұл болғаныма қарамастан, тіпті, тоқуды да үйреткен. Мата бетіне жіппен кесте де тоқи беремін. Басқа қандай маман иесі болатыннымды дөп басып айта алмайды екенмін, мүмкін тағдырым осылай болуы керек болған шығар, сол жолмен жүріп келе жатырмын. Футболшы болғаныма еш өкінбеймін.

Самат Отарбаев

— 2021 ҚПЛ маусымын қараған боларсыз? Қай команданың ойыны ұнады және «Тобыл» чемпион болады деп ойладыңыз ба?

— Иә, қарадым, бірақ бұрынғыдай қатты мән беріп, бір де бір ойын жібермей қарадым дей алсаймын. Өйткені, өзім еш командада болмаған соң, кішкене өзімді басқа салада дамытуға кірістім, уақытты мүлт жіберуге болмады, 2 жоғарғы оқу орнын бітірдім. Ал чемпионатта «Тобыл» жеңімпаз болатыны Суперкубок кезінде белгілі болды. Жарыстың басынан аяғына дейін мықты дисциплинамен ойнады, сол себепті қостанайлықтардың жеңімпаз болатынына ешкім күмән кілтірмеген шығар деп ойлаймын.

— 32-нөмірді таңдауыңыздың бір сыры бар ма?

— Бұл сұрақ барлығына қызық, негізі оның ешқандай да сыры жоқ. 2008 жылы әр командада дубль деген пайда болған (оған дейін фарм клуб деп аталатын). Өздеріңіз білетіндей, дубльдің номерлері 30-99 арасында болады. Ол кезде номер таңдайтындай емеспіз, берген нөмерді, берген форманы киетінбіз. Бүкіл командаға брендтік «UMBRO» формасын берген, ал маған базардан ала салған сияқты, оған қоса маған өлшемі 2-3 есе үлкен (күліп).

Самат Отарбаев "Ордабасыда"
Самат Отарбаевтың алғашқы формасы

— Қазір қай командамен жаттығып жүрсіз? Жаңа маусымға дайындық қалай?

— Қазіргі таңда команда іздеудемін, бүгін БАҚ-та көңілге тиер мақала оқыдым. Мен «Ақсумен» ОЖЖ бір апта болдым, бірақ менің басты мақсатым жаңа бапкермен жұмыс істеп өзімнің қазіргі деңгейімді оған және өзіме де көрсету болған. Соңғы бір жыл ойнамадым, сондықтан жекелей, командасыз өзімді физикалық тұрғыда барынша, білгенімше баптап жүрдім. Бірақ өкінішке орай, бапкер келмеді және ол жақта уақытша бапкер қызметін атқарған Сергей Якушин де толық жаттығу жасата алмады. Өйткені, жоспар бойынша келетін бапкер толық жаттықтыруға рұқсат бермей отырған. Сонымен, бір аптадан кейін бапкердің келмейтіні белгілі болған соң мен қайтуға шешім қабылдадым. Ал БАҚ өкілдері өздерінің рейтингін көтеру үшін басқа азаматтарды жер қылуға асығады, сол нәрсеге қарным ашады.

— Футболдан басқа қызығушылық немесе хоббиыңыз бар ма?

— Айтарлықтай хобби жоқ. Кітап оқығанды жақсы көремін, қазір өзім жеке кітапханамды жинап жатырмын. Үлгі тұтар тұлғалардың үйінде шкафта кітаптар толып тұрса, қызығушылықпен қараймын. Мына вирус деген маған көп пайда берді десем қателеспеймін. Өйткені бұған дейін істемеген нәрселерімді жасап, өзімді дамытудамын. Кітап оқуға мені баулыған бапкерім Козко Сергей Викторович екенін айта кетейін.

— Мансабыңыздағы осы күнге дейінгі ең сәтті және сәтсіз кезеңдер деп қай уақыттарды айтар едіңіз?

— Ең сәтті жыл 2016 Ақтөбе сапында болған кезім деп санаймын, өкініштісі аз уақыт, бірақ осыған да Құдайға мың да бір шүкір. Сол кезеңнің арқасында өзімнің әлі де биікке көтеріле алатыныма сенімім арта түседі. Ал сәтсіз маусым ол 2019 жылғы «Тараздағы» кезең деп есептеймін. 2 автогол және сол жылы сәтсіз өнер көрсеттім. Өкінішті, бірақ көп сабақ алдым, көп критика төгілді, сонда да тырыстым. Сол критиканы дұрыс қабылдап, қиындықтан шығуға тырыстым. Сол уақыттардың кесірінен жаман репутация жинап алдым. Көп кісі мені жеке танымайтандар өздерінше ой түйді, сол ойларын өзгерткім келеді. Өзіме сол пікірдің қате екендігін дәлелдеп, маған сенетін кісілердің сенімін ақтағым келеді, егер Жаратушымыз қаласа барлығын барлығымыз үшін әркімді орнына қояды, егер ондай болмаса осы тұрысы барлығымыз үшін ең дұрысы.

Самат "Ақтөбе" сапында

— Бала кезіңізде кімге еліктедіңіз? Қақпашы позициясын о баста таңдадыңыз ба, әлде басқа позицияда да ойнап көпдіңіз бе?

— Шыны керек мен бала кезімнен қатты футбол көруге қызықпайтынмын, кейбір кісілер күні түні көріп кімнің кім екенін, анық-қанығын біліп жүреді мен ондай емеспін. Қазірдің өзінде мен көп ойын көрмеймін, тек кадрға түскен қақпашылардың қималдарына мән беремін: доптың қай бағытта ұшқанда қандай позицияны алады екен дегендей. Бір сөзбен айтқанда қақпашылардың іс-қимыл позицияларына ғана қарап отырамын, ал былай Оливер Канға қызығатынмын. Енді менің мінезім ондай емес әрине. Сол қақпашының шеберлігін жоғары бағалайтынмын.

— Бапкерлерге ренжіп, футболды тастап кету жайлы ойлаған кезіңіз болды ма?

— Әрине, болды. Бірақ ол кісілер өздерінің ішінен өткізген нәрсесін айтады, ол нәрсе барлығына ұнай бермейді. Сондықтан, мұны қалыпты жағдай деп санаймын, ондай кездері ойлайсың: «осыншама уақытты, 8-10 жастан бастап таң ата жаттығу деп, барлық нәрсеге көніп,тума-туыстардан араласудан қалдым» деп. Осынша нәрсені өткізген кезден кейін осы бір мезетте футболды қоя салу ол қорқақ, сабырсыз, ішінде тірегі жоқ кісі деп санаймын, сосын райыңнан қайтып барлық критиканы бір қайтара ойлап шығып ары қарай жалғастыра бересің.

— Былтырғы маусым басында алған жарақатыңыздан толық айықтыңыз ба? Қайта қалыпқа келу қайда және қалай өтті?

— Айтарлықтай қорқынышты жарақат болған жоқ, жай жүйке жүйесі кішігірім қолайсыз жағдайда болып, жаттығуға мүмкін бермеді. Аздаған демалыс және керек медициналық әрекеттер жасап қалыпқа келдім, қазір сақадай саймын. Бір жыл ойнамаған соң, шабытым ашылып тұр десем де болады.

Самат Отарбаев ұлттық құрамада

— Отбасыңыз жайында айта отырсаңыз. Ұлыңызды футболға баулып жатырсыз ба?

— Отбасым жайында айтсам, әке-шешем бар, Құдайға шүкір, қарапайым кісілер. Өзімнен үлкен ағам бар, отбасылы. Өзіме келсем, жұбайым және бір ұл екі қызым бар. Ұлым енді аса футболға қызықпай жүргендіктен дзюдоға барып жүр. Бірақ енді ес жиып жүрген сияқты, футболға барғысы келетінін білдіріп жүр. Мен оған футболды байламаймын, өзінің қалауы білсін, барлығына қатыстырамын, демеу боламын, ал соңында өзі таңдар. Шыны керек, бір жағынан футболға барғанын қаламаймын, «өте рақметсіз» жұмыс. Шыдас беру өте қиын, бірақ шыдап берсең үлкен жетістікке жетерің анық. Жалпы, футбол ғана емес, бүкіл спортта сондай. Өмірдің де заңдылығы сондай ғой өзі: қиын, шыдап берсең биіктен көрінесің, егер әр нәрсенің тізгінін ұстап ұзақ уақытқа жеткізе алмасаң тек уақыт құртасың, бірақ қандай болмасын сабақ аласың. Сондықтан, сүре білсең «өмір тамаша» ғой!

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте