ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан тарихи нәтиже тіркеп, рекорд жаңартты. Исламиада қорытындысы

Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам Ынтымақтастық ойындары мәресіне жетіп, Қазақстан тарихи нәтиже тіркеді.

Отандастарымыз төрт жылда бір келетін додадан 89 медаль (27 алтын, 23 күміс және 39 қола) еншіледі. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген нәтиже. Түркияда ел намысын 16 спорт түрінен 125 спортшы қорғады.

Қазақстан

Қазақстан осыған дейін алғаш рет 2005 жылы Меккеде өткен Ислам ойындарында 13 алтын, сегіз күміс һәм алты қола жүлде алып, үшінші орынға тұрақтаған. Ал 2017 жылы Бакуде болған турнирде екі алтын, бес күміс, 12 қолаға қол жеткізіп, 14-ші орынды місе тұтқан еді.

Ал 2021 жылы Токиодағы Олимпиадамен уақытының қатар келіп қалуынан, пандемияның өршу салдарынан екі мәрте кейінге шегеріліп, 2022 жылдың 9-18 маусым күндері аралығында өткен додада қоржынымыз 89 медальмен (27 алтын, 23 күміс және 39 қола) толығып, тарихи нәтижеге қол жеткіздік.

Түркияда ауыратлеттеріміз сәтті өнер көрсетті. Олар 26 медаль (сегіз алтын, 15 күміс, үш қола) жеңіп алды. Сонымен қатар тректегі велоспорттан барған спортшыларымыз тоғыз рет (бес алтын, бәр күміс, үш қола) тұғырдан көрінді. Жүзуден отандастарымыз мынадай жетістікке жетті – 12 жүлде (төрт алтын, бір күміс, жеті қола).

Қазақстан

Кикбоксшыларымыздың қоржынында сегіз медаль – төрт алтын, бір күміс, үш қола. Каратеден қара терге түскендер екі алтын мен бір қолаға қол жеткізсе, спорттық гимнастикадан қазақстандықтар бір алтын, төрт күміс және үш қола жеңіп алды. Күрес түрлерінен сынға түскен балуандар бір алтын, бір күміс һәм жеті қола алды.

Көркем гимнастшыларымыз бір алтын, бес қолаға қол жеткізсе, жеңіл атлетикада бақ сынағандар бір алтын мен бір қола жеңіп алып, таеквондошылар үш қолаға қол созды. Сонымен қатар үстел теннисі, дзюдо және велоспорттан қатысқандар бір-бір қоланы місе тұтты.

V Ислам Ынтымақтастығы ойындарының жүлдегерлері:

«Алтын»: Зульфия Чиншанло (3), Айзада Муптильда (3), Рината Сұлтанова (3), Арли Чонтей (2), Әділбек Мусин (2), Аида Бауыржанова (1), Елжана Таниева (1), Аделаида Пчелинцева (1), Әлішер Жұмақан (1), София Абубакирова (1), Қайсар Алпысбай (1), Софья Береульцева (1), Берік Ысқақов (1), Михаил Литвин (1), Алихан Оздоев (1), Елена Шалыгина (1), Мақсат Үсіп (1), Артем Захаров (1), Нұрсұлтан Жұмабаев (1),

Чиншанло

«Күміс»: Любовь Ковальчук (3), Арай Нұрлыбекова (3), Алексей Чуркин (3), Артем Антропов (2), Айша Омарова (2), Арли Чонтей (1), Асылжан Бектай (1), Мадина Бақбергенова (1), Милад Карими (1), Нариман Курбанов (1), Дмитрий Патанин (1), Руслан Степанов (1), Дмитрий Москов (1), Аида Бауыржанова (1).

«Қола»: Ксения Игнатова (3), Өтепберген Әлиев (2), Елжана Талиева (2), Адлан Асқаров (1), Жәмилә Бақбергенова (1), Аманғали Бекболатов (1), Жансель Дениз (1), Даниэла Дю (1), Мамед Ибрагимов (1), Нұрдәулет Қалшора (1), Рахат Қалжан (1), Әсел Қанай (1), Шара Хамзина (1), Бауыржан Хасенов (1), Жасурбек Ключов (1), Батырхан Қуандықов (1), Марина Кузмина (1), Ирина Кузнецова (1), Эллада Махятдинова (1), Кристина Овчинникова (1), Светлана Пачшенко (1), Қанат Сейілхан (1), Рината Сұлтанова (1), Денис Жолудев (1), Аида Бауыржанова (1), Аделаида Пчелинцева (1), Әлішер Жұмақан (1), Асылжан Бектай (1).

Жалпы жүлделер жиынтығы бойынша үздік бестік төмендегідей:

1. Түркия – 341 медаль (145 алтын, 107 күміс, 89 қола)

2. Өзбекстан – 158 (51, 42, 65)

3. Иран – 133 (39, 44, 50)

4. Әзербайжан – 99 (29, 36, 34)

5. Қазақстан – 89 (27, 23, 39)

Ислам

Ислам ойындары ислами мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайту, ислам құндылықтарын күшейту үшін құрылған.

Исламиаданы өткізу туралы алғашқы ойды 1981 жылы Сауд Арабияның сол кездегі ханзадасы Фейсал бин Фахд Аль Сауд тастаған. Осылайша 2005 жылы Мекке, Медина, Джидда және Таифта тұңғыш рет аталған турнир ұйымдастырылып, тек еркектер қатыстырылып, 54 елден 6000 спортшы бақ сынаған. Кейіннен нәзік жандыларға да қатысуға рұқсат етілді. Алайда ерлер мен әйелдердің жарысы бір күнде болмайды. Сондай-ақ ерлерге арулар арасындағы жүзу жарысын тамашалауға рұқсат етілмеді.

Екінші турнир 2009 жылы Иранда өтуі тиіс еді. Бірақ Иран мен бірқатар араб мемлекеттерінің ойын логотипінде Парсы шығанағы атауын қолданудағы пікірталастан кейін турнир өтпейтін болды. Өйткені ирандықтар Парсы шығанағы дегісі келсе, араб елдері Араб шығанағы деуді құп көрді. Осылайша екінші доданың болашағына балта шабылды.

Одан кейін Исламиада 2013 жылы Палембангеде (Индонезия) және 2017 жылы Әзербайжан астанасы Бакуде өтті. Қазақстан Сауд Арабиясы, Әзербайжан және Түркиядағы додаға қатысты.

Осы уақытқа дейін өткен Исламиаданың медаль саны бойынша үздік жетілігі:

1. Әзербайжан – 682 медаль (298 алтын, 199 күміс, 185 қола)

2. Түркия – 643 (237, 207, 199)

3. Иран – 321 (118, 97, 106)

4. Өзбекстан – 220 (66, 58, 96)

5. Индонезия – 222 (56, 78, 88)

6. Египет – 146 (46, 51, 49)

7. Қазақстан – 134 (42, 36, 56).

Алтыншы Ислам ойындары 2025 жылы Яундеде (Камерун) өтеді. Бұл мұсылман халқы аз елде болатын алғашқы турнир болып тіркелмек. Яундеде 70%-дан астам адам христиан болса, 25%-дай халық ислам дінін ұстанады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте