Қазақстан құрамасының футболшысы алғаш рет Түркия Суперлигасында доп тепті

Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетен Александр Меркель Түркия Суперлигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі Түркияда доп тепкен отандық ойыншылар мен Меркельдің жаңа командасына тоқтала кеткенді жөн көрді.

ьлекреМ

Александр Меркель «Газиантеп» командасына еркін агент ретінде ауысты. Ол бұған дейін Сауд Арабиясының «Әл-Фейсали» командасында ойнаған. Былтырғы маусымда 29 жастағы жартылай қорғаушы 27 матчта 1 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Клуб футболшымен 17 тамызда келісімшартты үзді.

«Әл-Фейсалиге» қатысты жағдай маған күтпеген оқиға болды. Осы маусымды Сауд Арабиясында өткіземін деп ойлағанмын. Клубпен бірге оқу-жаттығу жиындарына бардым. Кейін лимитке байланысты клуб басшылығы осындай шешім қабылдады. Келісімшартты біржақты бұзды. Әрине, мұндай да көңілің қалатыны рас. Өйткені былтырғы маусымда ел Кубогын жеңіп алдық. Алғаш рет Азия Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік берілді. Клуб басшылығының аяқ астынан осындай шешім қабылдауы – менің көңілімді қалдырды. Бірақ өмірде бір есік жабылғанымен, екіншісі ашылады. «Газиантеп» басшылығынан ұсыныс түсті. Басшылық пен бапкерлер штабы қызығшылық таныттты», – дейді Александр Меркель.

Қазақстан құрамасында үш матч өткізген футболшының Түркия Суперлигасындағы дебюті көп күттірген жоқ. Бірден екінші турда былтырғы маусымның чемпионы «Бешикташпен» ойында негізгі құрамда алаңға шықты.

ысышныйо петнаизаГ ьлекреМ

Меркель жаңа командасымен 2+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырған. «Газиантеп» Түркия Суперлигасында осымен екінші маусым ойнап жатыр. Бұл Түркияның оңтүстік-шығысындағы Сириямен шекаралас аймақтағы қаламен аттас команда. Былтырғы маусымда «Газиантеп» 58 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады. Чемпионатта «Бешикташ» пен «Фенербахчені» жеңіп кеткен болатын. Сонымен қатар «Ыстамбұл Башакшехирді» екі ойын да ұтқан.

петнаизаГ

Қазақстан премьер-лигасында ойнаған футболшылардан бірнешеуі осы «Газиантепте» доп тепкен. Мысалы, «Астананы» экс-шабуылшысы Патрик Твумасиды 2019 жылы Испанияның «Алавес» командасынан жалға алды. Түркияда ол 27 матчта 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Оның алдында «Астананың» тағы бір көшбашысы Фокси Кетевоама да осындай ойнаған. Ол 2015/16 жылғы маусымда жарты жыл өнер көрсетті. Орталық Африка құрамасының өкілі 10 ойында 5 гол соқты.

Сонымен қатар «Тобылдың» экс-нигериялық футболшысы Уче Калу мен «Ордабасының» қорғаған сербиялық Неманья Коич те болған.

Меркель Сауд Арабиясына дейін Нидерландының «Хераклес», Австрияның «Адмир», Германияның «Бохум», Италияның «Удинезе» және «Пиза», Швейцарияның «Грассхопперс», Англияның «Уотфорд» клубында өнер көрсеткен.

Ол сонымен қатар, «Милан» клубында ойнаған. Италияның атақты командасы сапында 2009-2011 жылдары өнер көрсетті. Ол кезде командада Роналдино, Дэвид Беккэм, Златан Ибрагимович, Андреа Пирло секілді жұлдыздар болған. Сосын «Дженоа» клубына 6,5 миллион еуроға сатты.

адналиМ ьлекреМ

2007-2011 жылдар аралығында Германияның әр түрлі жас көрсеткіші бойынша жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнады. Ал 2015 жылы Қазақстан құрамасының намысын қорғайтыны белгілі болды. Әзірге үш матч өткізген.

Александр Меркель Алматы қаласының маңындағы Есік қаласында дүниеге келген. Әкесі Кеңес өкіметі кезінде «Қайрат» футбол клубының сапында ойнаған. Кейіннен 1998 жылы тарихи отаны Германияға көшіп кеткен. Ол жақта Александр «Штугарттың» футбол академиясында тәлім алды.

Жалпы, Меркельге дейін Түркия чемпионатында Қазақстан құрамасында ойнаған үш қазақстандық доп тепкен. Олар Әли Әлиев, Давид Лория және Самат Смақов. Бірақ үшеуі де бірінші лигада жүрді.

Әли «Қайраттағы» тоғыз жылдан кейін 2006 жылы Түркияға ауысты. Анадолы елінде ол алты жылда «Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор», «Дьярбакырспор» секілді командаларда өнер көрсетті.

ропсезиР

2012 жылы қақпашы Давид Лория өз бағын Түркияда сынамаққа аттанады. Араға жарты жыл салып, қысқы трансфер кезінде Самат Смақов та Түркия топырағында доп тебу мақсатында жолға шығады. Жерлестеріміз – «Ризеспор» командасының Суперлигаға шығуына үлес қосқан футболшылар. Самат сол кезде Түркияның бірінші лигасының үздік жартылай қорғаушысы, ал Давид үздік қақпашысы да атанған болатын.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте