ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» ойын ортасында алаңнан кетіп, «Ел класикосында» жеңіліп, чемпиондықтан алыстай түсті

25-турдың орталық матчында «Астана» мінез көрсетіп, дүйім жұртты шулатты, бірақ бірде-бір дәл соққы жасамай, «Қайраттан» жеңіліп қалды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі «Ел класикосынан» алған әсерімен бөліспек.

«Қайрат» — «Астана»

Ойынның алғашқы таймы қандай да бір қауіпті сәттерсіз бір сарында басталды. Бірақ алматылықтардың белсенділігі байқалып тұрды. Соның арқасында «Қайрат» алғаш болып есеп ашты. 8 минутта Жарко Томашевичтің допты сәтсіз қайтаруынан кейін Небойша Косович «Астананың» қақпасын тулатты. Одан кейін Вагнер Лавтың баспен жасаған соққысынан басқа қауіпті сәттер болмады. Дегенмен ауыз толтырып айтарлықтай қызықты жағдай орын алды. Бірінші тайм аяқталар тұста, 42 минутта елордалықтар төреші Игорь Чесноковтың қызметіне наразы болып, алаңнан кетіп қалды. Бірақ бірнеше минуттан кейін ашулары басылды ма әлде бұйрық келді ме, әйтеуір жасыл алаңға оралып, алғашқы 45 минуттықты аяқтады.

«Қайрат» — «Астана»

Естеріңізде болса, Андрей Тихонов мырза «Қайсармен» өткен ойыннан кейін ҚФФ төрешілер басқармасының испаниялық басшысы Хуан Антонио Маринді Алматыдағы ойынға шақырған еді. Мистер Хуан да бұл қызықтан құр қалғысы келмей, матчты «Орталықтан» тамашалады. Төрешілерге қатысты орын алған жағдайды да түртіп алғаны сөзсіз. Не болса да Тихонов бірдеңені сезгендей шақырды бұл кісіні. Өйткені ойында кәсіби төрешілік мансабындағы соңғы матчын өткізгелі тұрған Игорь Чесноков қызмет етті. Осы ойыннан кейін Чесноков зейнетке кетеді және жоғалтатын түгі жоқ. Сондықтан елордалықтардың қауіптенуі орынды дүние. Расында да Чесноков бірнеше сәтте алматылықтардың ереже бұзғанына көз жұма қарағандай көрінді. Төрешінің қызметіне Тихонов мырза наразылығын білдіріп, команданың неге алаңнан кетіп қалғанын түсіндірді:

«Бұл команданың бастамасы. Олар алаңда болды және бәрін ішінен көрді. Бұл олардың шешімі еді. Мен оларды қолдадым. Бүгін Чесноков өзінің мансабындағы соңғы матчында қызмет етті. Неге оған бұл ойын сеніп тапсырылды? Бұл сыйлық кім үшін —ол үшін немесе басқа біреу үшін?».

Ал екінші таймның басында елордалықтар белсенді көрініп, есепті теңестіруге талпынып бақты. Бірақ «Қайраттың» қорғанысы сыр бере қоймады. Керісінше, «Астананың» қорғаушылары сылбырттау көрінсе, шабуыл шебі жарытып түк те істемеді. Оған дәлел — «Астананың» Стас Покатилов қорғаған қақпаға бірде-бір дәл соққы жасамауы. Бұл елордалықтардың осы маусымдағы ең сүреңсіз ойындарының бірі болды десек артық айтқанымыз емес шығар. Бір қызығы, 90 минут қорғаныстың шаңын шығаратын Бердыевтің командасы шабуылда қарсыласқа қарағанда көбірек уақыт өткізіп, «Астананы» барынша тықсырып бақты. Алайда таблодағы есеп матч соңына дейін өзгеріссіз қалып, 9500 жанкүйер жиналған ойында 1:0 есебімен оңтүстік астаналықтардың асығы алшысынан түсті.

«Қайрат» ФК

Осылайша «Астананың» ҚПЛ-дегі алты матчқа созылған жеңіліссіз сериясы аяқталып, тіпті чемпиондық та қолдан сусып бара жатқандай. Өйткені қатар өткен ойында қостанайлық «Тобыл» қарағандылық «Шахтердың» қосалқы құрамын 4:1 есебімен жеңіп, «Астананы» екі ұпайға артқа тастап, көш басына шықты. Елордалықтар соңғы турда түркістандық «Тұранмен» кездессе, «Тобыл» Оралға қонаққа барып, жергілікті «Ақжайықпен» күш сынасады. Бұл ойында қандай да бір ғажайып орын алмаса, Москаленко шәкірттерінің жеңіске жетері даусыз. Қос ойын да 30 қазан күні өтеді. Ал қолаға мықтап жармасқан «Қайрат» талдықорғандық «Жетісумен» сырт алаңда кім мықтыны анықтайды.

Фото: «Қайрат» ФК

ҚПЛ туралы жаңалықтар

Больше новостей
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте