ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Бәрі де көңілімнен шықты». Благоевич «Тобылмен» болған ойынды қорытындылады

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Тобылмен» өткен ойын (1:1) жайында пікірімен бөлісті:

- Бірінші таймда болған жайттарға қарамастан, жоғары деңгейде ойын көрсеткен, мінез танытқан командамды, ойыншыларды құттықтағым келеді. Ойын барысында табандылық танытқаны үшін алғыс білдіремін. Бәрі де көңілімнен шықты. Тартысқа толы ойын, керемет эмоцияға куә болдық. Ойын нәтижесімен тағы да құттықтағым келеді. Қиын жағдайға қарамастан жақсы ойын көрсетті.

Қазақстанда VAR жүйесі қосылғанда қуанған едім. Бірақ біреулер оған бағынса, енді біреулер үшін VAR жүйесі мүлдем жоқ сияқты әсер қалдырады. Мен барлық командаға бірдей қарағанын қалаймын. Сұрайтыным тек осы. Бапкер ретінде біреуден асып түсейін деген ойым жоқ, көмек те сұраған емеспін. Тек ереже бәріне бірдей болса деймін. Еліміздегі ең ірі клубтардың бірі – «Астана» бүгінгі жағдайға лайық емес. Бір де бір клуб осындай қарым-қатынасқа лайық емес.

«Тобылға» алдағы уақытта сәттілік тілеймін. Нәтижеге келсек, бүгін жеңіске жетпегеніміз өкінішті-ақ. Десек те жеңіске лайықты болдық. Бірақ, ойынның қорытынды есебі 1:1. Бір ұпай еншіледік. Тек алға ұмтыламыз. Біздің команданың сенімі мен жігеріне қарап, алда тек жақсы ойын көрсетеміз деп сенімді түрде айта аламын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!