ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Біз тек алға жылжуға тырысамыз». Седнев «Қайртпен» болған матч жайлы ойын айтты

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Премьер-лиганың сегізінші турында «Қайратқа» қарсы жеңісті ойын (2:1) жайлы пікірін айтты:

– Бірінші кезекте баршаңызды ауыр әрі маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Біз мықты қарсыласпен ойнадық, бұл өте жүйелі команда, сол себептен бізге ойын қиынға соқты. Мен команданы матчқа дайындаған жандардың барлығына, алаңда барын салған футболшыларға алғыс айтамын, бүгін бізге маңызды сәттерде көмек берген көшбасшылар көп болды. Кейбір сәттерде бізге сәттілік жолдас болды, меніңше, команда бұған лайық болды, себебі біз тек алға жылжуға тырысамыз. Кездесу соңында қарсылас бізге жоғары қысым көрсете бастады, мен бізге эмоционалды көмек бере алатын жанкүйерлерімізге алғыс айтудан жалықпаймын. Олар бізге қай сәтте көмектесу қажет екендігін біледі және күш-қуат бере алады. Баршаңызға рахмет!

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!