ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Құрамында «Алтын доп» алған футболшы ойнаған «Тобылдың» рекордсмен қарсыласы «Ференцварош» жайлы не білеміз

Қазақстандық клубтар үшін еурокубоктік ойындар басталуға жақын. Жарыс жолына алғаш болып «Тобыл» шығады. Қостанайлықтар Чемпиондар лигасы іріктеуі кезеңінің бірінші раундында «Ференцварош» командасымен күш сынасады. Осы орайда венгриялық ұжым туралы азды-кем ақпараттармен бөлісуді жөн көрдік.

Ференцварош

«Ференцварош» – Венгриядағы ең беделді команда. Ішкі чемпионатта 33 мәрте топ жарып, рекорд орнатқан. Сонымен қатар 24 рет Венгрия кубогін жеңіп алған. Бұл да рекорд. Венгрияда команданы көбіне «Ференцварош» деген толық атауымен емес, лақап атымен («Фради») немесе қысқартылған (FTC) атауымен атайды.

Клуб 1899 жылдың 3 мамырында Будапешт қаласының Ференцварош ауданының тұрғындарымен құрылып, тұңғыш президенті болып Ференц Шпрингер тағайындалған. Алғашқы матчын 1900 жылдың 24 наурызында веналық крикет және футбол командасымен өткізіп, 0:9 есебімен есе жіберген. Алғашқы жеңісіне сол жылдың 5 мамырында өткен «Олд Крикетер» (5:0) клубына қарсы ойында қол жеткізді.

«Фради» алғаш рет 1903 жылы Венгрия чемпионы атанып, 1911 жылы қазіргі күнге дейін қолданыстағы стадионы (аренаға бірнеше рет күрделі жөндеу жүргізіліп, атауы өзгертіліп отырған) салынды. Бұл стадион қазір «Групама Арена» деп аталады және құшағына 23 мың көрермен сыяды.

Групама Арена

«Ференцварош» тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірін Бірінші дүнижүзілік соғыс кезінде басынан өткерді. Өйткені команданың көптеген ойыншылары соғысқа кетіп, клуб 1925 жылға дейін он жыл бойы чемпиондыққа қол жеткізе алмады. Сол заматта «Фрадидің» басты қарсыласы МТК командасы қатарынан он рет чемпион атанды.

1933 жылы франциялық L’Auto (L’Equipe) газеті «Ференцварошты» әлемдегі үздік клубтардың қатарында жетінші орынға қойды. Ал 1964/65 жылғы маусымда Халықаралық Жәрмеңке кубогінде (қазіргі Еуропа лигасы) топ жарды. Чемпиондыққа жетер жолда «Рома», «Атлетик Бильбао», «Манчестер Юнайтед» һәм «Ювентус» сынды командаларды тізе бүктірді. Клуб тарихындағы тағы бір жарқын сәттердің бірі – 1967 жылы Флориан Альберттің «Алтын доп» алуы.

Альберт

2006 жылы Венгрия футбол федерациясы «Ференцварошты» қаржылық қиындықтарына байланысты екінші дивизонға түсірді (осыған дейін бірде-бір рет жоғарғы дивизионнан төмендемеген). Клуб бұл шешімді сотта қайта қаратып, істі жеңіп шыққанымен, жоғарғы лигаға тек үш жылдан кейін ғана көтерілді.

«Фрадидің» еурокубоктік турнирлердегі тарихына келер болсақ, клубтың «Тобылға» қарағанда тәжірибесі мол. FTC төрт мәрте түрлі додалардың топтық кезеңінде өнер көрсеткен. 1995/96 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өткен алғашқы венгриялық клуб атанды. 2004/05 маусымда УЕФА кубогінің (Еуропа лигасы), 2019/20 маусымда Еуропа лигасының, ал 2020/21 маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Барселона», «Ювентус» және киевтік «Динамо» сынды командалармен ойнады. Бірақ әзірге плей-офф кезеңіне жолдама алмаған. «Тобыл» болса, өздеріңіз білетіндей, топтық кезеңнің дәмін әлі татпады.

Венгриялық клубтың бас бапкері – Станислав Черчесов. Ресей ұлттық құрамасының экс-жаттықтырушысы 2021 жылдың 20 желтоқсанында «Ференцвароштың» тізгінін ұстап, 2020/21 маусымда чемпион атанды. Естеріңізге сала кетсек, өткен айда «Тобылға» сербиялық маман Милан Миланович бас бапкер болып тағайындалған еді.

Черчесов

«Ференцвароштың» құны 42,80 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншысы тунистік Аисса Лайдуни болып табылады. Оның нарықтағы құны – 3,5 млн еуро. Ал «Тобылдың» құны – 11,13 миллион еуро. Ең қымбат футболшысы – Игорь Сергеев (1,7 млн еуро).

«Фарди» құрамының 64,7%-ын (22 ойыншы) легионерлер құрайды. Қазіргі таңда өз ұлттық құрамаларында ойнайтын 14 футболшысы бар. Ал «Тобылдың» 39,1%-ы (9) шетелдік ойыншылар. Ұлттық құрамадағы аяқдопшылар саны – 9.

Қос команда осыған дейін кездеспеген. Алғашқы ойындары 6 шілде күні Қостанайда өтеді. Матч елорда уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте