Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Арабтардың келуімен «Ньюкасл Юнайтедте» қандай өзгерістер болады?

Читать полностью

Футбол әлемінде тағы бір бай клуб пайда болды. «Ньюкасл Юнайтед» клубынСауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық фонды сатып алды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі англиялық клубта болатын өзгерістер жайлы сөз қозғамақ.

«Ньюкасл» жанкүйерлерінің көптен күткен арманы орындалды. Клубты он төртжыл бойы тізгіндеген Майк Эшли 350 миллион еуроны қалтасына салып, футболәлемінен кетті. Ал англиялық клубты Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммедибн Салман жетекшілік ететін компания сатып алды. Оның қаржылық жағдайы 320миллиард еуроны құрайды. Бұл ең бай деген «Манчестер Сити» қаржысынан 20 есе, ал ПСЖ қаржысынан 40 есеге көп. Енді «Ньюкаслдың»қандай клубқа айналғанын елестете беріңіз...

Ашуға булыққан АПЛ клубтары Сауд Арабиясы инвесторларының «Ньюкаслды» сатыпалуына байланысты шұғыл түрде жиналыс өткізуді талап етті. Қалған 19 команданыңбарлығы Премьер-лига клубының Арабияның қол астына өткеніне қарсылығынбілдірді. Олар жиналыс жасау арқылы келісімді бұза алмайды. Дегенмен, бұл жағдайғақатысты өз талаптарын қоюды жоспарлап отыр.

Клуб бірінші кезекте бас бапкер мәселесін шешуі керек

Арабтардың келуімен «Ньюкаслдың» бас бапкері Стив Брюстің қызметіненкететіні туралы ақпараттар пайда болды. 60 жастағы англиялық маман өзініңкететінін іштей сезген секілді.

«Футболда әртүрлі өзгерістер болып жатады. Әрі барлығы қас пен көздің арасында өзгереді. Бұл мен үшін өте қиын апта болды. Бірақ бұл клуб үшін өте жақсы жаңалық болып саналады. Мен жаңа басшылармен кездестім. Олар жылы жүзді адамдар екен. Бірақ менің болашағым туралы сөз қозғамады. Мен жұмысымды жалғастырып, басшылыққа қолымнан не келетінін көрсеткім келеді. Бірақ шындыққа тура көзбен қарауымыз керек: олар жаңа бапкер шақырады. Әдетте басшылар ауысқан кезде мұндай жағдайлар жиі болады», - деді бас бапкер.

«Ньюкасл» Премьер-лиганың сегізінші турында «Тоттенхэмнен» 2:3 есебіменжеңіліп қалды. Стив Брюс үшін бұл бапкерлік мансабындағы 1000-шы ойын, сондай-ақ«Ньюкасл» тізгініндегі соңғы матчы болды. Сегіз ойында үш ұпай жинаған бапкердіешкім жақтыра қоймас. 20 қазан күні Брюстің қызметінен кеткені хабарланды. Құркетпей, қалтасына келісім-шартта өтемақы ретінде көрсетілген 11 миллион еуронысалып алған екен. Команданың уақытша бапкері болған Грэм Джонс тоғызыншы турда«Кристал Пэласпен» тең ойнап, бір ұпайды қоржынға салды. Бірақ команда 19-орыннан тапжылмады.

БАҚ беттерінде бас бапкер қызметіне үміткерлер ретінде бос жүргенжаттықтырушылардың есімі аталуда. Бірақ Зинедин Зидан, Антонио Конте секілдімамандар бұл ұсыныстан бас тартты. Тіпті жұмысы бар Жозе Моуриньо, РобертоМартинес, Брендан Роджерс, Стивен Джерард секілді бапкерлерді де ұзын-сонар тізімгеқосты. Бірақ соңғы кездері «Романың» экс-бапкері Паулу Фонсеканың есімі жиіаталуда. Белгілі инсайдерлер де «Ньюкаслдың» португалиялық маманмен келіссөздержүргізгенін хабарлады. Фонсеканың өзі де англиялық клубты жаттықтыруға қарсыемес көрінеді. Сондықтан «сауысқандар» үшін бұл ең тиімді нұсқа болып саналады.

Алдағы трансферлік терезеде қымбат ойыншыларды сатып алу мүмкін емес

«Ньюкасл Юнайтед» қаржылық фейр-плей ережелері бойынша қаңтарда ойыншылардысатып алуға бөлінген 225 миллион еуроның аз ғана бөлігін жұмсауы мүмкін. TheTelegraph басылымы клуб басшылығы қыста 59 миллион еуроға ойыншы сатып алудыжоспарлауда деп хабарлады. Клуб әлі спорттық директор тапқан жоқ, сондықтан «сауысқандар»қыста емес, жазғы трансферлік терезеде белсенді жұмыс істемек.

«Біз трансфер нарығында әлемдік деңгейдегі ойыншылар үшін күресетінболамыз. Алдымызға үлкен мақсаттар қойдық - енді «Ньюкаслда» бәрі өзгередідеп үміттенемін», - деді клубтың жаңа директоры Аманда Стейвели The Sunбасылымына берген сұхбатында.

«Ньюкаслдың» алдағы уақытта алуы мүмкін ойыншылар тізімінде ДжеймсТарковский («Бернли»), Джесси Лингард («Манчестер Юнайтед»), Аарон Рэмси («Ювентус»),Филиппе Коутиньо («Барселона»), Жоржиньо Вейналдум (ПСЖ), Рахим Стерлинг («МанСити»), Донни ван де Бек, («Манчестер Юнайтед»), Гарет Бэйл («Реал Мадрид»),Усман Дембеле («Барселона») бар.

Рахим Стерлинг қазірдің өзінде дайындықты бастап кетті: «Егер ойынтәжірибесі үшін басқа командаға ауысу мүмкіндігі болса, мен оны қарастыруғадайынмын. Менүшін ең бастысы - футбол ойнау. Мен бала кезімнен алдыма мақсат қойдым, армандарым да болды». 26 жастағы Стерлинг осы маусымда Джек Грилиштің келуімен негізгіқұрамдағы орнын жоғалтып алды.

Жаңа қожайындардың командаға келе салып қомақты қаржы жұмсауы қалыптыжағдай екенін айта кеткен жөн. «Челси» мен «Манчестер Ситиде» де солай болған еді. 2003жылдың жазында Абрамович 13 ойыншыға 111,15 миллион фунт жұмсады. Командаға Креспо, Верон, Дафф, Макелеле, Коул, Мутужәне басқа да футболшылар қосылды. 2009 жылдыңқысында «Ман Сити»көп ақша құрта қоймады. Шейхтер де Йонг, Беллами, Бридж және Гивен үшін 45,9миллион фунт стерлинг бөлді. Бірақ жазда олар алты ойыншыға 139 миллион фунтжұмсады. Ол кезде команда қатарынаАдебайор, Тевес, Лескотт, Санта-Крус, Коло Туре және Барри қосылды

Жазда «Ньюкаслдың» жалақы көрсеткіші 12 миллион фунт стерлингке төмендеді, бұл командаға трансферлік нарықта кеңінен қанат жаюға мүмкіндік береді. «Ньюкасл» ойын уақыты жетіспей жүрген футболшылар үшін тамаша команда болмақ. «Сауысқандар» алдағы уақытта дәл осы себеппен бағы жанбай жүрген футболшыларды, сондай-ақ еркін агенттерді командаға шақыратын болады.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+