ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Танымал ойыншыларды алмағанымен, рекордты жаңартты». «Ньюкасл» трансферлік кезеңде неліктен белсенді болмады?

«Ньюкасл Юнайтед» «Реал Сосьедадтан» 22 жастағы шабуылшы Александр Исакты 70+5 миллион еуроға сатып алды. Бұл испаниялық клуб тарихындағы ең үлкен сатылым және «Ньюкаслдың» трансферлік рекорды ретінде тіркелді. Бұл мәміледен «Реал Сосьедадтың» пайда көрері анық, бірақ англиялық клуб туралы бұлай айту қиын.

Александр Исак

Жазда футбол жанкүйерлері «Ньюкасл» жоғары деңгейдегі футболшылар сатып алады деп күтті. Дегенмен, клубқа шейхтердің келгеніне көп болмады. Клуб трансферлік нарықта көп ақша құртпады. Тек «Бернлиден» қақпашы Ник Поупты (10 миллион еуро), «Лилльден» қорғаушы Свен Ботманды (37 миллион еуро) және қыстан бері командада жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен «Астон Вилланың» қорғаушысы Мэтт Таргетті (17,5 миллион еуро) сатып алды. Эдди Хаудың командасы атақты ойыншыларға, соның ішінде Неймарға да қызығушылық танытты, бірақ трансфер құны мен жалақы мәселесінде ортақ шешімге келе алмады.

Шейхтер қаншалықты бай болғанымен, «Ньюкасл» ақшаны оңды-солды шашқысы келмейді. Иә, аз уақыт ішінде суперкоманданы жасақтау мүмкін болмады. Оған себеп - клубтың асқақтап тұрған мәртебесі жоқ. «Сауысқандар» ең алдымен еурокубок бәсекесінде ойнауы қажет. Биыл команданың алдына осындай мақсат қойылған да секілді. Бас бапкер Эдди Хау бәсекеге қабілетті команда құра білді. «Ньюкасл» өткен маусымда Премьер-лигадағы соңғы 18 ойынның 12-сінде жеңіске жетті, нәтижесінде олар қауіпті аймақтан турнирлік кестенің бел ортасына дейін көтерілді. Ағымдағы маусымды да жаман бастаған жоқ – бес турда алты ұпай жинады, оның ішінде «Манчестер Ситимен» (3:3) өткізген тартысты ойыны бар. Бесінші турда «Ливерпульмен» кездесіп, соңғы секундтарда қақпасына гол өткізіп алды.

Әзірге «Ньюкаслдың» Чемпиондар лигасындағы орын үшін күресуі екіталай, бірақ олардың Еуропа лигасы мен Конференция лигасына берілетін жолдамаға иелік ететін шамасы бар. Бірақ трансферлік терезенің соңында Исакты рекордтық ақшаға алудың қажеті болмаған сияқты. Себебі «Ньюкаслдағы» шабуылшылар соңғы кездері тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. Десек те, швециялық ойыншы команда ішіндегі бәсекелестікті күшейте алады.

Александр Исак

Футболсүйер қауым Исакты «жаңа Ибрагимович» деп атайтын. Себебі екеуіне ортақ нәрсе көп болды. Александр - Швеция азаматы, ұзын бойлы (192 см), сонымен қатар техникасы мығым, жылдам шабуылшы. Ибрагимович де кезінде Исакты өзінің мұрагері ретінде көретінін айтқан еді.

«Мен сіздер үшін жаңа Златанды таптым! Менің көңілімнен шығудың қиын екенін бәріңіз білесіздер. Бірақ мен Алексті көптен бері бақылап жүрмін, ол әлі де болса көңілімді қалдырған жоқ. Талантты жігіт. Егер кімде-кім Златан секілді ойыншыны сатып алғысы келсе, Исакты таңдауы керек», - деді Ибрагимович.

Александр Исак

Бұл сөздер Исакқа кері әсерін тигізді. Футболшы өзіне артылған сенімді ақтай алмады. 2017 жылы «Боруссия Дортмунд» Исакты АИК-тен 8,6 миллион еуроға сатып алды. Бірақ германиялық клубтың сол кездегі бас бапкері Томас Тухель шабуылшыға сенім артпады. Исак «Боруссияның» негізгі командасында небәрі бес матч өткізді. Содан кейін голландиялық «Виллем II-ге» жалға берілді, онда ол 16 матчта 13 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Александрдың бұл жақтағы ойыны дортмундтықтарды таң қалдырмады, бірақ ойыншының нарықтағы құнын арттырды. 2019 жылғы маусымаралық кезеңде шабуылшы үшін «Реал Сосьедад» 15 миллион еуро төледі. Испаниядағы алғашқы маусымында Исак тоғыз гол соқты. Атап айтсақ, Испания Кубогінің финалындағы «Реалмен» болған кездесдуе (4:3) дубль жасап, нәтижелі пас беруімен есте қалды.

Александр Исак

2020/2021 жылғы маусым Исактың мансабындағы ең сәтті кезең болды. Александр 17 гол соғып, «Арсенал», «Барселона», «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед» секілді топ клубтардың назарына ілікті. Еуро-2020-дағы көрсеткіші ойыншының нарықтық құнының өсуіне ықпал етті. Бірақ жас шабуылшы Испанияда қала берді. Өткен маусыида Ибрагимовичтің ізбасары ретінде қарастырылған Исакты жақсы қырынан көре алмадық. Ол Ла Лигада бар болғаны алты гол (екеуі пенальтиден) және Еуропа лигасында үш гол соқты. Сондықтан Швеция құрамасының ойыншысы «Ньюкаслдан» басқа ешқандай клубқа керек болмай қалды.

Александр Исак

«Сауысқандар» былтырғы маусымды сәтсіз өткізген Исакты сатып алу үшін өздерінің трансферлік рекордын жаңартты. Бастапқыда «Реал Сосьедад» шабуылшы үшін келісім-шартта өтемақы ретінде көрсетілген 90 миллион еуроны сұраған. Кейінірек олар бағаны сәл төмендетті, өйткені Ла Лиганың өткен маусымында алты гол соққан шабуылшы үшін 70 миллион еуроның өзі тым көп.

Умар Садик

«Сосьедад» енді бұл ақшаны тиімді пайдаланбақ. Олар Исактың орнына «Альмериядан» Умар Садткті 30 миллион еуроға сатып алды. 25 жастағы нигериялық шабуылшы өткен маусымда Сегунданың 36 ойынында 18 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді және Ла Лиганың осы маусыдағы алғашқы ойынында мергендігімен көзге түсті. Сондықтан Исактың трансферінен «Ньюкаслға» қарағанда «Реал Сосьедад» көп пайда көрді.

Осы жазда «Манчестер Сити» Эрлинг Холанд үшін 60 миллион еуро төледі. Ал «Ньюкасл» Александр Исак үшін 70 миллион еуро берді. Дәл қазіргі сәтте Эдди Хау командасының шабуыл шебінде қиындықтар бар. Каллум Уилсон «Манчестер Ситиге» қарсы матчта жарақат алып, қатардан шығып қалды. Сондықтан «Ливерпульмен» болған ойында Александр Исак негізгі құрамнан шығып, Алисон Беккер қақпасына дебюттік голын соқты. Дубль жасаған еді, бірақ екінші голы есепке алынбады.

Бұл маусым Швеция құрамасының шабуылшысы үшін сәтті басталды. Өткен аптада «Барселона», ал бүгін «Ливерпуль» қақпасына гол соқты. Бірақ екі голы да командасына көмектеспеді.

Ньюкасл Юнайтед

«Ньюкасл Юнайтед» жазғы трансферлік терезеде 140 миллион еуро жұмсады. Қазір Премьер-лиганың турнирлік кестесінде он бірінші орында тұр және танымал ойыншыларды алмай-ақ жақсы ойын көрсетуде. Осы қалпынан таймай, еурокубокке жолдама алып жатса, сауысқандарға жұлдызды ойыншыларды сатып алу едәуір оңай болайын деп тұр.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте