ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ньюкасл» іске кірісті. 2022 жыл қысының ең қымбат 7 трансфері

Топ-5 лигада қысқы транферлік терезе жабылды. Кейбір клубтар барынша күшейіп қалуға тырысса, енді бір командалар ақша үнемдеп, жазды күтуде. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі 2022 жылдың қысында орын алған ең қымбат жеті трансферді ұсынады.

Миколенко

Қайдан: «Динамо» Киев

Қайда: «Эвертон»

Қатарынан екі жыл Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі сәтті өнер көрсетуі «Эвертонның» 22 жастағы сол жақ қапталдың қорғаушысы Виталий Миколенко үшін 23 миллион еуродан астам қаражатқа шығындалуына басты себеп болды. Қос тарап 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Миколенко осыған дейін шетелдік клубтарда өнер көрсетпеген. «Динамоның» академиясынан бастап, түрлі жастағы командаларында доп тепті. Бар-жоғы 22 жасында-ақ Украина ұлттық құрамасында 21 ойын өткізді. Сонымен қатар «Эвертон» сапында да екі матчқа қатысып үлгерді. Екеуінде де негізгі құрамда алаңға шығып, төреші ысқырығы естілгенше алаңда болды.

Люка Динь

Қайдан: «Эвертон»

Қайда: «Астон Вилла»

«Эвертон» сол қапталға Миколенконы алып, Диньмен қош айтысты. «Астон Вилла» соңғы кездері негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алған қорғаушыға анау-мынау емес, 30 миллион еуро төледі. Диньге «Челси», «Наполи» және «Интер» қызыққанымен, олар «Эвертон» сұраған ақшаны бере алмады. Сөйтіп, «Астон Вилла» көп созбай, ойыншыны өз қатарына қосты. Люканың айтуынша, бирмингемдік клубқа ауысуына Стивен Джеррардтың сөздері себеп болған екен.

28 жасар франциялық қорғаушы мен англиялық клуб 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Динь осыған дейін «Барселона», ПСЖ, «Рома» және «Лилль» сынды клубтардың намысын қорғаған еді.

Крис Вуд

Қайдан: «Бёрнли»

Қайда: «Ньюкасл»

«Ньюкасл» қысқы трансферлік кезеңнен бастап жұлдызды шабуылшыларды алады деген жанкүйерлердің үміті ақталмағандай. «Ньюкасл» өзіне ауысқанға дейін АПЛ-дің ағымдағы маусымында 17 матч өткізіп, үш гол соққан жаңа зеландиялық форвардпен толықты. Ал «Ньюкаслға» келгелі екі ойын, 180 минут жасыл алаңда доп теуіп, бір рет те нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. Әрине, атағы жер жарып тұрмаса да, Премьер-лигадан ұшып кетпеуге көмектесіп қалуы мүмкін.

Қос тарап 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа ойып тұрып қол қойды. Вуд осыған дейін «Вест Бромвич», «Лестер», «Лидс» сынды тағы да басқа клубтарда өнер көрсеткен.

Гимараэс

Қайдан: «Лион»

Қайда: «Ньюкасл»

Сауд Арабиялық басшылардың қысқы трансферлік кезеңдегі ең қымбат ойыншысы Бруну болды. Франциялық клуб Бразилия құрамасында үш матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көп көзге түсе бермейтін футболшы үшін «Ньюкаслдың» байларынан қомақта қаражат сындырып алған секілді.

АПЛ-де қалуға жанталаса күресіп жатқан ньюкаслдық клуб 24 жастағы жартылай қорғаушымен 2026 жылғы маусымның соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Гимараэс осыған дейін бразилиялық «Аудакс», «Атлетико Паранаэнсе» клубтарында доп тепкен. Соңғы командасы «Лион» болды. Жалпы клубтық мансабында 155 ойын өткізіп, он гол соғып, 13 нәтижелі пас берген екен.

Луис Диас

Қайдан: «Порту»

Қайда: «Ливерпуль»

«Порту» ойыншыларын қымбатқа сату жағынан шебер клуб. Осы жолы да португалиялық ұжым білгенінен жаңылмады. 2 жарым жыл бұрын 7,2 миллион еуроға алған футболшысын алты есеге қымбат бағаға сатты. 25 жасар вингерге «Челси», «Реал», «Бавария» һәм «Ньюкасл» сынды клубтар көз тіккен еді. Алайда «Портудың» көшбасшы ойыншыларының бірі «Ливерпульге» бұйырды.

Колумбиялық футболшы мен «Ливерпуль» ұзақ мерзімді (2027 жылғы дейін) келісімшартқа қол қойды. Португалияда ойқастаған Диастың АПЛ-де қалай өнер көрсетерін көрелік.

Ферран Торрес

Қайдан: «Манчестер Сити»

Қайда: «Барселона»

«Барселона» Торресті алдық деп 2021 жыл желтоқсан айының соңында жаһанға жар салды. Алайда ойыншыны қаңтар айында ғана ресми түрде тіркей алды. «Манчестер Сити» сапында негізгі құрамнан ойып тұрып орын таба алмай, Испания құрамасының негізгі футбошыларының біріне айналған 21 жастағы вингердің каталондықтарды қиын сәттен алып шығуға шеберлігі жетеді. Сондықтан да «Барселона» қаржылық тұрақсыздығы кезінде 55 миллион еуросын аямады.

«Валенсияның» түлегі мен Испанияның 26 дүркін чемпиондары 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Душан Влахович

Қайдан: «Фиорентина»

Қайда: «Ювентус»

Ал 2022 жылдың қысындағы ең қымбат трансфер «Фиорентина» жанкүйерлерінің ызасына тиді. Олар клубтың мықты ойыншыны тағы да туриндіктерге сатқанына ашулы.

Влахович – соңғы кездері Мбаппе мен Холандтан кейін көп командалар қызығушылық танытқан шабуылшы. Оған «Манчестер Сити», ПСЖ, «Арсенал», «Милан», «Атлетико» һәм «Манчестер Юнайтед» секілді топ клубтар көзді тікті. Алайда Душан мансабын «Ювентус» сапында жалғастыруды жөн көріп, 2026 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп, Влахович тарихтағы ең қымбат сербиялық ойыншы атанды.

Сербиялық 22 жасар шабуылшы ағымдағы маусымның барлық турнирлерінде 24 ойынға қатысып, 20 мәрте мергендігімен көзге түсті. Сол себепті де ерінбегеннің бәрі Душанды қатарларына қосқысы келді.

Міне, топ клубтардың көпшлігі қысқы трансферлік кезеңде аста-төк шашылғылары келмей, «Ньюкасл» мен «Ювентус» ғана бәрінен көп шығындалды. Сол шығындары үміттерін ақтай ала ма, жоқ па, бұл уақыттың еншісінде.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте