Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte 60 Women's ITF турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандық Софья Чурсина - гонконгтық Нг Кван Юмен өткізді.
Тартысты өрбіген бірінші партияны Құламбаева мен Кубка 7:5 есебімен аяқтады. Олар екінші сетте де ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ - 6:2.
Қазақстандық-польшалық жұп жартылай финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Абураимова - Ақгүл Аманмұрадовамен таласады.
Жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс 27 ақпанда мәреге жетеді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.