«Жетісудың» нигериялық шабуылшысы Одуэньи Угочукву жаңа клуб тапты, деп хабарлайды Sports.kz.
25 жастағы шабуылшы мансабын сербиялық «Явор» клубында жалғастырады. Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында Одуэньи жеті матч өткізіп, бір гол соқты. Маусым соңында «Жетісу» соңғы орынды иеленіп, Премьер-лигадан ұшып кетті.
Бұған дейін Угочукву австриялық ЛАСК, «Хорн» және «Рид», хорватиялық «Сесвете» және украиналық «Минай» командаларында ойнады. Transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша, африкалық футболшының қазіргі құны 125 мың еуроны құрайды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.