Екі апта бұрын «Жетісудың» бас бапкері болып тағайындаған Қайрат Айманов өз орнын босатты, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
«17 желтоқсанда Қайрат Айманов «Жетісудың» бас бапкері болып бекітілді және ол алға қойылған міндетті орындау үшін құрамды жасақтап жатқан еді. Бірақ, араға 10 күн салып клуб басшысы ауысты. Ал Айманов өз қызметінен кетті.
Дегенмен, Қайрат Тыныштықұлы көп уақыт жұмыссыз жүрмеді, ол жақын күндері «Атыраудағы» Константин Горовенконың жаттықтырушылар штабына қосылып, ойыншылардың физикалық дайындығына жауапты болады», - делінген хабарламада.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.