Талдықорғандық «Жетісу» клубы директор қызметіне 64 жастағы маман Қалмұхамет Дөңсебаевтың тағайындалғанын хабарлады.
Қалмұхамет Жағыпарұлы 2004 жылдан бері Талдықорған футбол федерациясын басқарып келеді. Ол бұған дейін де, атап айтсақ, 2014-2015 жылдары клубтың директоры болған.
Жаңа директорды ұжымға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев таныстырды.
Клубтың басты міндеті – «Жетісудың» алдағы маусымның соңында Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығуы.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.