Талдықорғандық «Жетісу» жаттықтырушылар штабындағы өзгерістер туралы хабарлады.
Данияр Мұқанов «Жетісу» командасындағы бас бапкердің көмекшісі болып тағайындалды. Данияр Жексенұлы футболшы ретінде Қазақстанның үздік қорғаушыларының бірі саналды, спорттық мансабын 1992 жылы Семейдің «Спартак» клубында бастады. Сонау 1996 жылы «Қайнар» командасында ойнады, араға 16 жыл салып, яғни 2012 жылы «Жетісудың» намысын қорғады.
Виктор Раскулов «Жетісудың» қақпашылар бапкері болып бекітілді. Виктор Владимирович кезінде танымал қақпашы болған. Бұған дейін «Ақтау», «Намыс», «Мұнайшы», «Ақтөбе», «Ұлытау», «Қайсар», «ЦСКА-Қайрат», «Атырау», «Екібастұз», «Тараз» сияқты командаларда ойнап, мол тәжірибе жинақтаған.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.