Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан чемпионатының 8-туры аясында «Ордабасымен» болған ойынды (1:2) қорытындылады:
- Менің ойымша, бүгін біз жеңіліске лайық болмадық. Кейбір сәттерде шабуылды түйіндей алмай жаттық, ал кейбір тұстарда қарсыластың қақпашысы тамаша ойнады. Ойыншылар алаңда бар күшін салып, беріліп ойнады.
Енді «Қызыл-Жармен» болатын ойынға дайындалу қажет, жіберілген қателіктерді пысықтап, дұрыс қорытынды жасауға тырысамыз.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.