ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Юлия Путинцева Ыстанбұлдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Путинцева ширек финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен күш сынасты.

Бірінші партияны бір брейкті артық жасаған аустралиялық теннисші өз есебіне жазды – 7:5. Есесіне екінші сетті Юлия брейкпен бастап, сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2. Қазақстандық теннисші үшінші, шешуші партияда да брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры осы басымдылығынан айырылмай, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 2 сағат 45 минутқа созылды.

Путинцева жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін әлемнің 47-ракеткасы, испаниялық Сара Соррибес-Тормо немесе рейтингте 122-сатыдағы ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен таласады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!