ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Владимир Муханов: «Бабымызға ақырындап еніп келе жатырмыз» 

«Ақтөбенің» бас бапкері «Заря» клубымен өткен жолдастық кездесу (2:2) жайлы өз пікірімен бөлісті.

— «Заря» Луганск Украина жоғары лигасының төртінші командасы. Еурокубоктердің тұрақты қатысушысы. Айтарлықтай салмағы бар ұжым. Тең бірдей екі құрамы да жоқ емес. Алғашқы матчпен салыстырғанда бүгін өзімізде қандай өзгерістердің орын алғанын көру біз үшін маңызды болды. Бұл ойынды ұйымдастыру мен физикалық жағдай тұрғысынан алғанда. Біз қарсыласқа қарағанда жинақырақ көріндік деп ойлаймын. Бұл табиғи жайт. Себебі өткенде атап көрсеткенімдей, екі ай жарым уақыт жаттықпау футболшы үшін апатпен парапар, тым көп. Қазір болса бабымызға ақырындап еніп келе жатырмыз деп есептеймін. Сондықтан да мықты спарринг-қарсыластың фонында қаншалықты функционалдық халде екенімізді байқау қажет еді.

— Сіз ойын барысында Балашов, Шина және Видемонға жиі позиция ауыстырып тұруға тапсыра берген екенсіз. Бұл немен байланысты?

— Бұл заманауи футболдың талаптарымен байланысты. Қарсылас қорғаушылары бір ғана шабуылшыға үйреніп қалмауы үшін, олардың орындары бір-бірімен жиі алмастырылады. Бұл ретте әлдебір күтілмеген фактор бар деуге де болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!