Хоккейден Қазақстан Pro Hokei Ligasy чемпионатының кезекті ойын күнінің шымылдығын Өскемендегі жергілікті «Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» матчы ашты.
Тартысты ойынның алғашқы айналымында 0:2 есебімен алда келе жатқан қарағандылықтар екінші және үшінші айналымдарда екі голдан жіберіп, 4:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша өскемендіктер маусымда алғашқы рет «Сарыарқаны жеңді». Сонымен қатар қарағандылықтардың тоғыз ойынға созылған жеңіліссіз сериясы үзілді.
«Торпедо» (Өскемен) – «Сарыарқа» (Қарағанды) – 4:2 (0:2, 2:0, 2:0)
0:1 – Голоднюк (Чеботов, Борисевич), 00:40
0:2 – Шохов (Зеленков, Михайлов), 13:39, 4х5
1:2 – Шин (Стулов, Савицкий), 24:53
2:2 – Сироткин (Лихотников, Гренц), 26:07
3:2 – Кучин (Стулов, Шин), 48:25, 5х4
4:2 – Гренц (Лихотников), 59:25, БҚ
Қақпашылар: Сидоров – Бояркин
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.