ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Топта көш бастадық». Қазақстан құрамасы Финляндияны ірі есеппен жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыда өтіп жатқан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасын 6:2 есебімен ұтып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Матчтың 13-минутында Финляндия ойыншысы Миика Хосио есеп ашты. Дегенмен, үзіліске дейін Қазақстан құрамасы Біржан Оразовтың арқасында таразы басын тең қылды.

Екінші таймның басында финдер Яни Корпеланың голынан кейін қайтадан алға шықты. Бұған қақпашы Игита дәл соққымен жауап берді.

Ал 29-минутта қазақстандықтар алға шықты. Бұл жолы Арнольд Кнауб көзге түсті. Арада екі минут өткенде Оразов дубль жасады. Көп ұзамай Кнауб тағы да қарсылас қақпасынан саңылау тапты, ал соңғы минутта Азат Валиуллин матчтың нүктесін қойды.

Бұған дейін осы топтағы тағы бір ойында Словения мен Италия құрамалары 2:2 есебімен тең түскен болатын. Осылайша төрт ұпайы бар Қазақстан В тобында көш бастады.

Финляндия – Қазақстан – 2:6 (1:1)

Голдар: Хосио 13 (1:0), Оразов 18 (1:1), Корпела 24 (2:1), Игита 25 (2:2), Кнауб 29 (2:3), Оразов 32 (2:4), Кнауб 34 (2:5), Валиуллин 40 (2:6)

Сары қағаз: Ю.Кютеля 19, Корпела 20 – Эдсон 20

Финляндия: Койвумяки, Саволяйнен – Аутио (К), Ю.Кютеля, Хосио, Алламиккотерво, Пиккарайнен, Юркияйнен, Юнно, Корсунов, Линтула, Корпела, Пейлие, Ванха

Қазақстан: Игита (К), Атантаев – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Қарағұлов, Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Тоқаев, Сағындыков

Рикардо Кака шәкірттері топтық кезеңдегі соңғы матчын 28 қаңтарда Италияға қарсы өткізеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!