«Тобылдың» жаңа маусымға арналған бюджеті белгілі болды

Қостанайлық «Тобыл» клубының 2021 жылғы маусымға бөлінген бюджет көлемі белгілі болды.

Жаңа маусымға «Тобыл» үшін 2,25 миллиард теңге тағайындалды. Ал өткен маусымдағы бөлінген қаражат – 3,25 миллиард теңге.

Қостанайлықтар 2020 жылғы маусымда екінші орын алып, УЕФА Конференция лигасына жолдама алған еді.

Маусымаралық үзілісте клубтан Сенин Себай, Ника Квеквескири және Джаба Канкава сынды белді ойыншылар кетті. Ал клуб жаңа маусымға оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, қызу дайындалу үстінде.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!