Қостанайлық «Тобыл» футбол клубынан үш ойыншы кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
2021 жылдың 31 желтоқсанында Тони Сильва, Жереми Манзорро және Элгудже Лобжанидзенің «Тобылмен» келісімшарты аяқталды. Қостанайлық клуб үш ойыншымен де келісімшартты ұзартпауға шешім қабылдады.
28 жастағы жартылай қорғаушы Тони Сильва өткен жылдың басында «Тобылға» қосылып, осы аралықта 34 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Жереми Манзорро «Тобыл» жейдесінде 44 матч өткізіп, жеті гол соғып, жеті голдық пас берді.
Ал «Тараздың» және «Қайсардың» экс-ойыншысы Элгудже Лобжанидзе қостанайлық клуб үшін 29 матчта төрт гол соғып, төрт ассист берді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.