30 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро қостанайлық «Тобылдан» кетті. Бұл туралы футболшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.
«Бір жарым жыл – 2 титул. Мен әрқашан қолымнан келгеннің бәрін жасадым, жанкүйерлер үшін чемпионатты топ жарғанымызды мақтан тұтамын. Жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамын, бар жақсылықты тілеймін», - деп жазды Манзорро.
«Тобыл» сапында Манзорро ел чемпионы, сонымен қатар Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды. Ол қостанайлық клуб сапында 44 кездесу өткізіп, 7 гол мен 7 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.