ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 135-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен өткізді.

Юлия Путинцева 6:3, 4:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 1 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың 8-ін пайдаланды. Қарсыласы 7 брейктен (12 брейк-пойнт) аса алмады.

Қазақстандық спортшы үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасады. Ол чехиялық Мария Боузкованы 7:5, 7:5 есебімен қапы қалдырды.

Осылайша жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын додада жекелей сында Рыбакина мен Путинцева жарыс жолын жалғастырады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!