ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан үшінші себетке түсті

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 14-18 қыркүйекте Дэвис кубогының топтық кезеңі (Davis Cup – The World Cup of Tennis) өтетін төрт қаланы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, топ құрамдары 31 наурызда Лондонда өтетін жеребеден кейін белгілі болады.

Дэвис кубогы – әлем чемпионатының топтық кезеңі қарсаңында командалар төрт себетке бөлінді.

Себеттер құрамы:

Бірінші: Хорватия, Испания, Франция, АҚШ;

Екінші: Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания;

Үшінші: Қазақстан, Бельгия, Сербия, Аргентина;

Төртінші: Швеция, Аустралия, Нидерланды, Оңтүстік Корея.

Жеребе 31 наурыз күні елорда уақытымен сағат 20.00-де тартылады.

Осылайша, 14-18 қыркүйек аралығында Болонья (Италия), Гамбург (Германия), Глазго (Ұлыбритания) және Малага (Испания) қалаларында 16 құраманың ішінен үздік сегіздік анықталады. Содан кейін 23-27 қарашада үздік сегіз құрама арасынан Дэвис кубогының жеңімпазы – 2022 жылғы әлем чемпионы белгілі болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!