ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тараз» оқу-жаттығу жиыны мен легионерлерге қатысты мәлімдеме жасады

«Тараз» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынынан бастайды. Команданың аталған елге ұшуы 19 қаңтар күніне жоспарланған.

«Тараз» өз түлектеріне сенім артуды әрі қарай жалғастырады.

Клуб әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті жастарға зор үміт артылмақ. Биылғы маусымда команданың негізі былтыр команда құрамында ойнаған жамбылдықтардан жасақталу көзделуде. Бірер күн бұрын команданың көшбасшылары, ұлттық құраманың ойыншылары Бауыржан Байтана, Мұхамеджан Сейсен, еліміздің жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек, Дінмұхамед Қараман клубпен келісім шартты ары қарай ұзартты. Сонымен қатар, өзге командаларда ойнап жүрген жамбылдықтарды да қатарға қосу көзделуде.

Клуб легионерлерге қатысты сол принципті әрі қарай жалғастырады. Яғни нақты сараланып, іріктеліп, бес легионер алу, одан әрі көбейтпеу принципін ұстанады. Таңдалғанда да жоғары сапалы мамандарға тоқталу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, команданың толық бапкерлік құрамы клубта ойнаған мамандардан жасақталған болатын. Бас бапкер болып Қазақстан чемпионы Нұркен Мазбаев, оның көмекшілері ретінде Нұрмат Мырзабаев, Ерлан Елеусінов, спорттық директор болып Азамат Ниязымбетов, сондай-ақ команданың экс-ойыншысы Азиз Анарметов тағайындалған», — делінген клубтың жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!