Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Байтана «Таразбен» келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
«Тараз» футбол мектебінің түлегі өткен маусымды сәтті өткізіп, Қазақстан құрамасына оралды. Еліміздің бас командасы сапында төрт матчқа қатысқан.
Байтана Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 139 ойын өткізіп, он гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Бауыржан «Тараздан» бөлек, «Қайрат», «Ақтөбе», «Атырау», «Тобыл» және «Шахтер» жейдесінде тер төккен.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.