«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов команданың оқу-жаттығу жиындарындағы даярлығын қорытындылап, алдағы маусым жайлы ойымен бөлісті.
— Барлық үш жиын да біздің көңлімізден шықты. Себебі ауа-райы бізге кедергісін келтірмеді. Бірде-бір жаттығуымыз үзілген жоқ. Бүкіл міндет орындалды ма дейтін болсақ, әрине, біз көп жоспарды жүзеге асырдық. Бірақ оның бәрі де жүз пайыз орындалды дей алмаймыз. Оларды чемпионат барысында пысықтай жатармыз.
— Сіздің шәкірттеріңіз үшінші жиын кезінде үш бақылау матчын өткізді. Ойындарға қанағаттана аласыз ба?
— Ешқашан қанағаттана салуға болмайды. Үнемі алға ұмтылатын, ойынды жақсартуға деген нұсқалар болады. Сол себепті кейбір матчтардың мазмұны ұйымдастыру мен сапасы жағынан жаман болған жоқ, ал кейбіреуі ұнамады. Алайда бұл жиын ғой. Сондықтан да мұндағы жүктеменің ауырлығын ескерсек, нәтиженің құбылуы да содан болады.
— Өткен сұхбатыңызда клубтың күшейгенің күтіп отырғаныңызды айтқан едіңіз. Жаңа ойыншылар қалай? Олардың физикалық жағдайы маусымға жарап қала ма?
— Құрамның шағындау екені белгілі. Тағы бір-екі адамды қоса алсақ, жөн болар еді. Бірақ бүгінгі таңда анық деген үміткерлер көрінбейді. Нақты трансферлерге келсек, біз Жерар Гоумен, Руслан Камболовпен және Владимир Гинайтиспен келісім жасастық. Тап қазір Гоу мен Камболов толық бабында дей алмаймын, алайда бабына келгенде олар бізге айтарлықтай көмектеседі.
— Команда Црнчевичпен қош айтысты. Бапкерлік штабқа ол несімен ұнамады?
— Мате — өте жақсы ойыншы. Ол біздің командаға тек стиль жағынан сәйкес келмеді десек болады. Біз онымен сөйлесе келе, басқа клубқа ауысқаны дұрысырақ деген шешімге келдік.
— Бірінші турда біз алматылық «Қайратпен» ойнайсыздар. Жігіттердің қаншалықты дайын?
— Дайындығымыз үздіксіз жүрді. Жігіттер барлығынан өтті. Матчқа олар тиісті түрде әзірленіп, қарсы тұра алады деп ойлаймын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.