26 жастағы ресейлік қорғаушы Александр Клещенко «Тұран» ойыншысы атанды. Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Александр Клещенко өткен маусымда «Ордабасы» сапында 28 матчқа қатысып, 1 гол соққан. Сондай-ақ Қазақстанда «Тобыл» клубының намысын қорғаған. Бұдан бөлек, мансабында «Алания», «Кубань», «Томь» және «Енисей» секілді команадаларда доп тепкен.
Владимир Газзаевтың командасы бұған дейін Азат Нұрғалиев, Максим Федин секілді ойыншыларды қатарға қосқан болатын. Клубта «Ордабасының» тағы бір ойыншысы, дәлірек айтсақ Еркебұлан Тұңғышбаев қаралымнан өтуде.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.