Нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву «Тұран» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды түркістандық команданың баспасөз қызметі.
28 жастағы орталық жартылай қорғаушы өткен маусымда «Ордабасы» сапында 22 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берді. Осыған дейін ол «Томи», «Динамо-Брест», «Рух» және «Брага» сынды командалардың намысын қорғаған.
Transfermarkt порталының дерегі бойынша, қос тарап 2022 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.